Картасыз қолма-қол ақша алу +

Картаңызды ұмытып кеттіңіз, ал сізге шұғыл ақша қажет пе?Біз сізге көмектесеміз!

1) Мобильді және интернет банкингте байланыс нөміріне (өзіңіздің ұялы телефон нөміріне) ақша аударуды жүргізу керек;

2) Байланыс нөміріне ақша аударған кезде алушыға ақша аударылғандығы туралы хабарлама келеді, онда сілтеме бойынша өту қажет. Стандартты түрде қосымша немесе мобильді және интернет банкингтің web-нұсқасы ашылады, онда аударылған сома және алу түймесі көрсетіледі.

3) «Ақшаны алу» түймесіне басқан кезде жүйе қосымшаға кірудің таңдауыңызға қарай екі әдісін ұсынады. А) Қонақ ретінде алу; В) Ақшаны алу үшін кіріңіз (қолданушы ретінде).

4) Алу әдісін таңдаған соң стандартты схема бойынша ақшаны картадан алуға болады. Аударым сомасы 1000 теңгеден жоғары болған жағдайда ақшаны банкоматтан алу мүмкіндігі шығады, яғни карточкасыз операция.

5) Ақшаны банкоматтан алуды таңдаған кезде жүйеде ашылған терезедегі кодты банкоматқа көшіріп жазу керек.Бұл код 10 минут ішінде жарамды, оның уақыты өтіп кетсе, қосымшаға қайта кіріп, банкоматқа көшіріп алатын кодты қайтадан сұрау қажет.

6) Банкоматтан «Қолма-қол ақшамен операциялар» кейін «Қолма-қол ақшаны картасыз алу» таңдайсыз, ол жерге кодты енгізесіз, қаражатты алушыға СМС-код келеді. Бұл код 3 минут ішінде жарамды болады.

7)СМС-кодты банкоматқа енгізесіз, содан кейін ақша беріледі.

8)Банкомат соманы онда бар купюраға сәйкес береді, бірақ аударылған сомадан артық емес.

Мысалы: 10 200 теңге аударылды, банкомат 10 000 береді, өйткені біздің банкоматтарда 200 номиналындағы купюралар жоқ. Қалған 200 теңгеге жүйе қайтадан 200 теңгеге аударым жасалды деген смс жолдайды, онда сіз қайтадан ақшаны алу бойынша операцияны жүргізуіңіз керек. Бұл жағдайда қалған ақша 1000 теңгеден кем, сондықтан ақшаны алуды таңдаған кезде жүйе картаға аударуды ғана ұсынады.

Егер байланыс нөміріне ақша аударымын жүзеге асырған сәттен бастап 24 сағат өтсе және аударылған сома алынбаса, сома немесе қолданушы «банкоматтан алу» қызметін таңдаған кезде алмаған сома қалдығы ақшаны жолдаушыға қайтіп келеді.

Ақша аударымдары +

1. Мобильді қосымшада ақша аударымының қандай түрделін орындай аламын?

Сіз "ForteBank" АҚ-да ашылған шоттарыңыз арасында аударым жасай аласыз; Қазақстан банктерінде ашылған шоттарға немесе әлем бойынша басқа банктерде ашылған кез келген төлем карталарына (банктерінде аударым қаражатын есепке алуға шектеу қойылған елдердің төлем карталарын қоспағанда) банкаралық аударымдар, байланыс нөміріне (ұялы телефон нөміріне) аударым жасай аласыз.

Банкаралық аударымдарды орындау кезінде қаражат үш жұмыс күні ішінде аударылатындығына назар аударуыңызды сұраймыз.

2. Байланыс нөміріне (ұялы телефон нөміріне) аударым жасауға болады ма?

Сіз байланыс нөміріне аударым жасай аласыз. Ақша аударарда қаражатты қайдан аударатындығыңызды таңдайсыз, алушыны қосқан кезде «Байланыс нөмірі» түймесі болады, оны баса отырып ақша аударғыңыз келетін телефон нөмірін көрсетесіз немесе телефон кітапшасынан таңдап алуыңызға болады, міндетті түрде алушының тегі мен атын көрсету қажет.

Алушыға ақша аударылғандығы туралы хабарлама келеді, ондағы сілтеме бойынша жүре отырып ForteBank қосымшасына кіруі қажет. Қосымшаға «Қонақ» немесе «Қолданушы» (егер тіркелген болса) ретінде кіруге болады. Алушы аталған соманы кез келген банктің картасынан шығара алады немесе егер аударым сомасы 1000 теңгеден жоғары болса, ForteBank банкоматынан картасыз алуға болады (үдеріс «Картасыз қолма-қол ақша алу» бөлімінде толығырақ жазылған).

3. Мобильді қосымшада басқа банктердің карталарынан ақша аудару мүмкін бе?

Иә, сіз ақша аудару көзі ретінде Қазақстанның басқа банкі шығарған картаңызды қосуыңызға болады. Аударым жасау үшін басқа банктің картасында 3 DSecure механизмі және интернет операцияларға рұқсат болуы керек.

4. Ақша аудару үшін үшінші тұлғаның "ForteBank" АҚ картасын қолдануға болады ма?

Басқа адамның "ForteBank" АҚ картасын ақша аудару көзі ретінде қолдана алмайсыз, оны карта иесі ғана орындай алады.

5. Ағымдағы шоттан Қазақстан Республикасынан тыс жерге банкаралық аударым (SWIFT) жолдауға болады ма?

SWIFT банкаралық аударымыБанк бөлімшелерінде ғана орындалады.

6. Қандай аударым кезінде CVV/CVC кодты және картаның қолданылу мерзімін енгізу қажет?

CVV/CVC және картаның қолданылу мерзімікарта аударым көзі (жолдаушы) ретінде қосылған жағдайда ғана енгізіледі, картаны алушы ретінде қосқан жағдайда талап етілмейді.

7. Қандай ең жоғарғы сомаға дейін ақша аудара аламын?

Ақша аударымының лимиттері:

Лимитатауы Әдепкі мәні Ең жоғарғы мәні
Бір клиенттің шоттары арасындағы аударымдар
Банк ішінде бір клиенттің шоттары арасындағы аударымның МИБ-тегі тәулік лимиті (жинақ шотынан аударымды қоспағанда) Шектеусіз
(Шотбойынша ортақ лимит шегінде)
Шектеусіз
(Шотбойынша ортақ лимит шегінде)
Жинақ шотынан (депозиттен) ағымдағы шотқа аударымның МИБ-тегі тәулік лимиті 500 000 теңге/1 250 USD/950 EUR/800 GBP/60 000 RUB
(депозит бойынша төмендетілмейтін ақша сомсына дейін)
2 000 000 теңге/5 000 USD/3 750 EUR/3 250 GBP/250 000 RUB (депозит бойынша төмендетілмейтін ақша сомсына дейін)
Үшінші тұлғаның шоттарын аударымдар
Үшінші тұлғаның ағымдағы шотына аударымның тәулік лимиті 500 000 теңге/1 250 USD/950 EUR/800 GBP/60 000 RUB 2 000 000 теңге/5 000 USD/3 750 EUR/3 250 GBP/250 000 RUB (бірақ, шотбойынша ортақ лимит шегінде)

8. Төлемдер мен аударымдар үшін қандай комиссия алынады?

Төлемдер үшін комиссия алынбайды. Аударымдар үшін комиссиялар:

Ақша аударымдары (VisaDirect, MasterCardMoneySend) (банкклиенттері үшін):

  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан ForteCard карточаларына - KZT 0
  • ForteCard карточкаларынан ҚР ЕДБ шығарған карточкаларға – 0,9% ең кемі KZT 150 ең көбі KZT 750
  • ForteCard карточкаларынан шетел банктері шығарған карточкаларға – 0.9% ең кемі KZT 750
  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан ҚР ЕДБ шығарған карточкаларға – 0.9% ең кемі KZT 250 ең көбі KZT 750
  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан шетел банктері шығарған карточкаларға – 0.9% ең кемі KZT 950

ForteCard Credit бойынша ақша аударымдары (Visa Direct, MasterCard MoneySend):

  • ForteCard карточкаларынан ForteCard Credit карточкаларына - KZT 0
  • Басқа Банктер шығарған карточкалардан ForteCard Credit карточкаларына - KZT 0
  • ForteCard Credit карточкаларынан ForteCard карточкаларына - 2.0%
  • ForteCard Credit карточкаларынан ҚР ЕДБ шығарған карточкаларға - 2.0% ең кемі KZT 500
  • ForteCard Credit карточкаларынан шетел банктері шығарған карточкаларға - 2.0% ең кемі KZT 700

Мобильді және интернет банкингтегі ForteCard Credit бойынша аударым операциялары:

  • бір клиенттің шоттары арасында - 2.0%
  • әртүрлі клиент шоттары арасында - 2.0%

Экспресс инстант бойынша ақша аударымдары (Visa Direct, MasterCard MoneySend):

  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан Экспресс Инстант карточаларына - KZT 0
  • Экспресс Инстант карточкаларынан ForteCard карточаларына – 4,5% ең кемі KZT 200
  • Экспресс Инстант карточкаларынанҚР ЕДБ шығарған карточкаларға – 4,5% ең кемі KZT 200
  • Экспресс Инстант карточкаларынаншетел банктері шығарған карточкаларға – 4,4% ең кемі KZT 750
  • ҚР ЕДБ шығарған карточкаларданҚР ЕДБ шығарған карточкаларға – 0.9% ең кемі KZT 250 ең көбі KZT 750
  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан шетел банктері шығарған карточкаларға– 0.9% ең кемі KZT 950

Мобильді және интернет банкингтегі Экспресс инстант бойынша аударым операциялары:

  • бір клиенттің шоттары арасында - 4.5% ең кемі KZT 500
  • әртүрлі клиент шоттары арасында - 4.5% ең кемі KZT 500
  • банкаралық аударым - 4.5% ең кемі KZT 500

Байланыс нөміріне (ұялы телефон нөміріне) ақша аудару (банкклиенттері үшін):

  • ForteCard карточкаларынан - 0.9% ең кемі KZT 150
  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан- 0.9% ең кемі KZT 250
  • экспресс инстант карточкаларынан - 2.0% ең кемі KZT 200

Ақша аударымдары(Visa Direct, MasterCard MoneySend) (банкклиенттері үшін):

  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан ForteCard карточкаларына - KZT 0
  • ҚР ЕДБ шығарған карточкаларданҚР ЕДБ шығарған карточкаларға – 0.9% ең кемі KZT 250
  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан шетел банктері шығарған карточкаларға– 0.9% ең кемі KZT 950

Байланыс нөміріне (ұялы телефон нөміріне) ақша аудару (банкклиенттері еместер үшін):

  • ҚР ЕДБ шығарған карточкалардан - 0.9% ең кемі KZT 250

Аударым операциялары(банкішілік):

  • бір клиенттің шоттары арасында - KZT 0
  • әртүрлі клиент шоттары арасында- KZT 0

Банкаралық аударымдар:

  • ұлттық валютада - 0,3%, ең кемі KZT 500, ең көбі KZT 3500

Ескертеміз, ForteCard карточкаларына ақша аударған кезде ForteBank комиссия алмайды, бірақ картаны шығарған Банк аударым үшін комиссия алуы мүмкін.

9. Ақша аударымы кезіндегі айырбастау бағамын қалай білсе болады?

Айырбастау бағамын мәзірдің сол жағындағы «Валюта бағамы» бөлімінен көре аласыз. Сіз өз шоттарыңыз арасында әртүрлі валютада ақша аударымын жүргізген кезде аударым сомасын енгізу экранында айырбастау бағамын көресіз.
Айырбастау бағамы шоттар арасында қолма-қол ақшасыз аударым кезінде қолданылады. Ол айырбас бағамы – бөлімшелердегі қолма-қол ақша валютасын сатып алу/сатудан айырықша болады.

10. Ағымдағы шоттан ағымдағы шотқа банкішілік аударым не себепті жүргізілмейді?

Ағымдағы шоттардан банкішілік аударымдар жүргізген кезде жолдаушының ағымдағы шотының валютасы мен алушының ағымдағы шотының валютасы бірдей болуы керек.

11. Ағымдағы шоттан банкаралық аударым өтті, бірақ үш жұмыс күні өтсе де алушының банкіндегі ағымдағы шотына келген жоқ. Себебі неде?

Ағымдағы шоттардан банкішілік аударымдар жүргізген кезде жолдаушы шотының валютасы мен алушы шотының валютасы бірдей болуы керек (болғаны дұрыс), бұл мәселені алдын ала нақтылап алу керек. Жолдаушы банк алушы банкке ақша аудара отырып, алушының шот валютасын біртекті ете алмайды (мысалы, егер ақша басқа банктегі долларлық шотқа теңгемен аударылса, алушы банк қаражатты өз есебіне алмауы мүмкін, сонда ақша жолдаушы банкке қайтіп келеді немесе клиент алушы банкке ақшаны қайтару туралы өтінішімен жүгінбегенше алушы банкте «сұратылғанға дейінгі күйде» тұрады).

12. Неге депозиттен үшінші тұлғаларға аударым жүргізілмейді?

Өз депозитіңізден ағымдағы немесе карточкалы шотыңызға ғана ақша аудара аласыз, үшінші тұлғаларға аударым жүргізілмейді.

Төлемдер +

1. Мобильді қосымшада кімдерге төлем жасауға болады?

320-дан астам әртүрлі қызмет көрсетушіге төлем жасауға болады, ол үшін басты экранда түймесін басып, «Төлемдер жүргізу» опциясын таңдау қажет. Өз аймағыңызды және қызмет көрсетушіні тізімнен таңдап, төлем мәліметтерін (дербес шот, шар нөмрі, телефон нөмірі немесе т.б.) енгізесіз, одан кейін төлеміңіздің шаблоны құралады және шотты - төлем көзін таңдау ұсынылады. Төлем жүргізілген соң төлем шаблоны сақталады және кейінгі төлемдер кезінде қызмет көрсетушінің мәліметтерін қайтадан енгізу қажет болмайды.

2. ЖЖЕ айыппұлының 50% төлеуге, сонымен қатар жаңадан есептелген ЖЖЕ айыппұлдарының бар екендігі туралы хабарлама алуға болады ма?

Егер сіз ЖЖЕ айыппұлын төлемін заңмен белгіленген мерзімде 50% ғана төлеу мүмкіндігімен жүргізетін болсаңыз, онда төлем сомасы 50% жеңілдікпен көрсетіледі.

Айыппұлды тексеру және төлеу үрдісінің сипаттамасы: мобильді немесе интернет банкингке кіресіз төлем жүргізу қызметін таңдайсыз «Қызмет көрсетушіні қосу»-ды басасыз аймақты таңдайсыз іздегіш арқылы «ЖЖЕ айыппұларын» іздейсіз немесе «Категорияларды қарау» арқылы «Айыппұлдарды төлеу» категориясын таңдайсыз ЖЖЕ тексеру және төлеудің 6 тәсілінің бірін таңдайсыз, мысалы ЖСН бойынша шаблон атауын ойлап табыңыз ЖСН егізесіз (ЖЖЕ айыппұлы болмаған жағдайда ақпараттық хабарлама шығады) көрсетілген мәліметтерімен шаблонды сақтайсыз қаражатты төлеу көзін таңдайсыз төлейтін айыппұлды таңдайсыз, құқық бұзушылық жазбасында төленуі тиіс сома көрсетілген құқық бұзушылық жазбасында көрсетілген сомаға сәйкес соманы енгізесіз төлемді растайсыз.

Жоғарыда көрсетілген шаблонды сақтау, ЖЖЕ айыппұлын іздеу және төлеу бойынша үрдіс негізінде жаңа айыппұлдар туындаған кезде сізге айыппұл сомасы көрсетілген смс хабарлама келеді.

3. Әкімшілік айыппұлдарды төлеу мүмкін бе?

Иә, ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік айыппұлдарды іздеу және төлеу қызметі бар. Енгізілген ЖСН бойынша іздестіріледі.

4. Бюджетке төлемдерді (салықтар, МӘМС, МЗЖ) жүргізуге болады ма?

Өкінішке орай, қазіргі уақытта бұл қызмет көрсетілмейді, алайда жақын арада ол іске асырылады.

5. Мобильді қосымшада басқа банктердің карталарынан төлемдер жүргізу мүмкін бе?

Иә, сіз төлем көзі ретінде Қазақстанның басқа банкі шығарған картаңызды қосуыңызға болады. Төлем жасау үшін басқа банктің картасында 3 DSecure механизмі және интернет операцияларға рұқсат болуы керек.

6. Егер қызмет көрсетуші операторды білмесем ұялы байланыс балансын қалай толықтырсам болады?

«Мобильді байланыс» бөлімінде телефон нөмірі бойынша қызмет көрсетуші операторды анықтайтын «Ұялы байланыс» қызметі бар.

7. chocolife.me тапсырысын төлей аламын ба?

chocolife.me тапсырыстарын төлей аласыз. Бұл қызмет «Интернет дүкен» категориясында.

8. «Қазақстан Респуликасының қызыл жарты ай қоғамы» қайырымдылық қорына қайырымдылық төлемін жүргізсем деп едім, ол мүмкін бе?

«Қайырымдылық қорлар» бөлімінде «Қазақстан Респуликасының қызыл жарты ай қоғамы» қайырымдылық қорына, сонымен қатар онда көрсетілген басқа қорларға қайырымдылық төлемінжүргізе аласыз.

9. Букмекер кеңсесінің пайдасына төлем жүргізуге бола ма?

Иә, бізде келесі букмекер кеңселерінің пайдасына төлем жасауға болады:

1) «Олимп»БК;

2)Parimatch.kz;

3)PROFIT BETTING;

4)Fairplay (www.fairplaykz.com);

5)Tennisi.kz;

6)Гол+Пас.

10. Маған пластикалық терезелерге жөндеу жүргізгені үшін төлем шоты келді, бірақ бұл ұйым қызмет көрсетушілер тізімінде жоқ, не істесем болады?

Егер сіздің қолыңызда қызмет көрсетушінің барлық деректемелері көрсетілген шот болса, сіз «Ақша аудару» қызметін пайдалана аласыз. Заңды тұлғаның шотына аударымды таңдап, ретімен барлық деректемелерді толтыру қажет, «Шарт нөмірі» жолағында шарт нөмірін немесе шот нөмірін көрсетсеңіз болады, ақша ұйымның шотына түскен кезде бұл мәліметтер төлем тағайындамасында көрсетіледі.

11. Бурабайға жол жүру кезінде өткізу бекетінде уақыт жоғалтпас үшін «ҚазАвтоЖол» пайдасына төлем жасай аламын ба?

Сіз «ҚазАвтоЖол» қызметін төлей аласыз. Қызмет «Басқасы» категориясында.

ForteBank кредит картасы +

1. Сіздің Банктің кредит картасын алу үшін қай жерден өтінім бере аламын?

Кредит картасын алу өтінімін Банктің www.forte.bank сайтында немесе Банк филиалының кез келген бөлімшесінде бере аласыз.

2. Кредит картасын рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Банкке жеке куәлігіңізді ғана берсеңіз жеткілікті*.

* Банк қосымша құжаттар сұратуы мүмкін

3. Банктен кредит лимитінің қандай сомасын ала аламын?

Табысыңызға байланысты 3 000 000 теңгеге дейін кредит лимитін ала аласыз.

4. Сыйақы мөлшерлемесі қандай?

Кредит лимиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 24,99% (СЖТМ 28,12% бастап)

5. Кредит картасын бергені үшін Банктің қандай комиссиясын төлеуім қажет?

Ұйымдастырғаны, қызмет көрсеткені және кредит картасын бергені үшін комиссия қарастырылмаған.

6.SMS-хабарлам қанша тұрады және кредит картасы бойынша абонеттік төлем бар ма?

Бұл қызметтерді Банк тегін көрсетеді.

7. Кредит лимитінің сомасын басқа банктегі кредитті/кредит лимитін өтеуге (қайта қаржыландыру) бағыттауға бола ма?

Иә, өйткені біздің кредит картамыз әмбебап төлем құралы болып табылады және сіздің басқа банктердегі кепілсіз кредиттер бойынша ағымдағы берешектеріңізді өтеу мүмкіндігі (қайта қаржыландыру)қарастырылған.

8. Кредит лимиті бойынша берешекті қалай өтесе болады?

Шарт бойынша берешекті өтеу шотына ақша салу тәсілін өз бетіңізше таңдай аласыз:

ForteBank-тің мобильді банкингінен аудару

ForteBank-тің интернет банкингінен аудару

ForteBank терминалдарынан

Басқа картадан аудару

Cash-in қызметі бар банкоматтардан

ForteBank-тің кез келген бөлімшесінен

9. Ең төменгі төлем дегеніміз не?

Ең төменгі төлем 2 000 теңгеден кем емес соманы құрайды және келесі қосылғыштар сомасы ретінде есептеледі: қолданылған кредит лимиті сомасынан 1% оған кредит лимитін қолданған нақты күн саныны есептелген сыйақы қосылады. Ең төменгі төлем кредит лимитін қолданған айдан кейінгі айдың 25-не дейін (қоса алғанда) төленеді. Берешек қалдығы 2 000 теңгеден кем болған жағдайда, ең төменгі төлем шарт бойынша барлық берешек сомасына тең.

10. Кредит картасы бойынша берешекті ең төменгі төлемнен артық төлей аламын ба?

Әрине, кредит лимиті бойынша берешекті кез келген мөлшерде, бірақ белгіленген ең төменгі төлем сомасынан кем емес, өтей аласыз.

11. Жеңілдікті кезең дегеніміз не?

Бұл сіздің қаржылық мүмкіндігіңізді тегін көбейтуге мүмкіндік беретін қызмет, яғни кредит лимиті бойынша сыйақы төленбейді. 55 күн ішінде ақшаңызды ағымдағы немесе жоспарланбаған кез келген шығынға тегін жұмсай аласыз. Жеңілдікті кезең сіз кредит лимиті бойынша есептік ай үшін алынған берешек сомасын мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда, есептік айдың 1-нен бастап келесі айдың 25-не дейін, қоса алғанда, бірақ 55 күнтізбелік күннен артық емес, жүреді.

12. Кредит лимитін өтеу сомасы мен мерзімін қалайша бақылап отырсам болады?

Мобильді және интернет банкингарқылы;

Әр айдың 1-нде сіздің нөміріңізге берешек сомасы көрсетілген SMS жолданады;

Ұялы телефоннан 7575 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы.

13. Кредит картасы бойынша төлем есепке алынғандығын және қолжетімді кредит лимитінің сомасын қалай білуге болады?

Мобильді және интернет банкингарқылы;

Әр айдың 1-нде сіздің нөміріңізге берешек сомасы көрсетілген SMS жолданады;

Ұялы телефоннан 7575 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы.

14. Кредит карточкасы бойынша Сashback бар ма?

Әрине, тауарлар мен қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу шегінде біздің кредит картамызбен төлем жүргізген кезде 15%-ға дейін Сashback ала аласыз. Серіктестердің толық тізімімен Бантің www.forte.bankсайтында таныса аласыз.

15. Кредит лимитін мерзімінен бұрын өтеу талаптары қандай?

Сіз кредит лимитін кез келген уақытта айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын жаба аласыз.

16. Кредит лимиті бойынша төлем мерзімін өткізгені үшін қандай санкциялар қолданылады?

Кредит лимиті бойынша берешекті уақытында төлемеген жағдайда белгіленген кредит лимиті сомасы шегінде Шарттың қолданылу әрбір жылы үшін, сіздің шартыңыз бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасынан 0,5% (90 күн мерзім өткенге дейін), 0,03% (90 күн мерзімі өткеннен кейін) мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша берілген соманың 10%-нан артық емес, өсімақы есептеледі.

17. Кредит картасын жоғалтып алсам немсе ұрлатып алсам не істеуім керек?

Мобильді және интернет банкингте тез арада бұғаттау қызметін қолдануыңызға болады, сонымен қатар ұялы телефоннан 7575 тегін нөміріне хабарласып кредит картаңызды бұғаттай аласыз.

18. Картаны қалай іске қосады?

Кез келген банкоматта PIN-кодты енгізу арқылы операция жүргізіңіз (балансты тексеру, ақша алу)

19. Кредит картасынан қолма-қол ақша алуға болады ма?

Әрине, кредит лимитінің белгіленген сомасы шегінде кез келген банк банкоматынан қолма-қол ақша ала аласыз.

20. Басқа елде кредит картасын қолдана аламын ба?

Әрине, қолдана аласыз. Өйткені Банк MasterCard халықаралық жүйесінің кредит картасын шығарады. Ұл төлем жүйесінің картасын әлем бойынша MasterCard карталарын төлемге қабылдайтын сауда орындарында қолдануға болады, сонымен қатар кез келген банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша алуға болады.

21. Картаны неше рет қолдана аламын? Сатып алу саны бойынша шектеу бар ма?

Кредит лимиті шегінде сауда жасай отырып картаңызды бернеше рет қолдана аласыз. Алдыңғы саудаңыз бойынша берешегіңізді толық өтегенге дейін келесі сауданы кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Әркез негізгі борыш сомасын қайтара отырып сіз өзіңіздің қолжетімді кредит лимитін қайтарылған борыш сомасына қалпына келтіресіз және қолдануға болатын лимит шегінде қайтадан тауарлар мен қызметтерді төлей аласыз.

ForteBank Экспресс кредиті +

1. Сіздің Банктен экспресс кредит алу үшін өтінімді қайда берсем болады?

Кредит алу өтінімін өз бетіңізшемобильді және интернет банкингте, Банктің www.forte.bank сайтында немесе Банктің кез келген бөлімшесінде бере аласыз.

2. Экспресс кредитті рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Банкке жеке куәлігіңізді ғана берсеңіз жеткілікті*.

* Банк қосымша басқа құжаттарды сұратуы мүмкін

3. Экспресс кредит бойынша қандай сома ала аламын?

Сіз 100 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейінгі сомаға кредит ала аласыз

4. Экспресс кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі қандай?

Пайыздық мөлшерлеме 0,1 %-дан 32,99 % дейін (жылдық тиімді мөлшерлеме 10,1 % бастап).

5. Экспресс кредитті бергені үшін Банкке қандай комиссия төлеуім керек?

Ұйымдастырғаны үшін комиссия ұарыз сомасынан 0%-дан 7,75% дейін.

Бұл ретте Банк экспресс кредитті комиссиясыз алуды қосымша ұсынды.

6. Экспресс кредитті қанша мерзімге ала аламын?

Кредитті 6-дан 60 айға дейінгі мерзімге ала аласыз

7. Басқа банкте рәсімделген кредитімді сіздің Банкте қайта қаржыландыра аламын ба?

Иә, басқа екінші деңгейлі банктердегі қарызыңызды қайта қаржыландыруға болады, бұл ретте сіз өз міндеттемелеріңіз бойынша ай сайынғы борыштық жүктемеңізді айтарлықтай азайта аласыз.

8. Экспресс кредит бойынша берешекті қалай өтесе болады?

Шарт бойынша берешекті өтеу шотына ақша салу тәсілін өз бетіңізше таңдай аласыз:

ForteBank-тің мобильді банкингінен аудару

ForteBank-тің интернет банкингінен аудару

ForteBank терминалдарынан

Басқа картадан аудару

Cash-in қызметі бар банкоматтардан

ForteBank-тің кез келген бөлімшесінен

9. Экспресс кредит бойынша төлем мерзімін өткізгені үшін қандай санкциялар қолданылады?

Кредит лимиті бойынша берешекті уақытында төлемеген жағдайда белгіленген кредит лимиті сомасы шегінде Шарттың қолданылу әрбір жылы үшін, сіздің шартыңыз бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасынан 0,5% (90 күн мерзім өткенге дейін), 0,03% (90 күн мерзімі өткеннен кейін) мөлшерінде, бірақ Шарт бойынша берілген соманың 10%-нан артық емес, өсімақы есептеледі.

10. Банктік қарыз шартын және өтеу кестесін жоғалтып алсам не істеуім керек?

Ай сайынғы төлемді мобильді және интернет банкинг арқылы өз бетіңізше біле аласыз. Егер банктік қарыз шартының және өтеу кестесінің телнұсқасын немесе көшірмесін алғыңыз келсе Банк бөлімшесіне жолығуыңыз қажет.

11. Экспресс кредитті мерзімінен бұрын өтеу талаптары қандай?

Кез келген уақытта айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтей аласыз.

12. Сіздің Банктегі кредитім бойынша ай сайынғы төлем күнін өзгертуге болады ма?

Иә, ол үшін Банк бөлімшесіне жолығуыңыз қажет.

13. Кредитім бойынша қалған берешек туралы қалай біле аламын?

Берешек қалдығын мобильді және интернет банкинг арқылы өз бетіңізше біле аласыз немесе Банк бөлімшесіне жолығу арқылы.

Депозиттер +

1. Мобильді қосымшада депозит ашуға болады ма?

Иә, сіз депозит ашып, оны кез келген картаңыздан мобильді қосымша арқылы толықтыра аласыз.

2. Мобильді қосымшада ашылатын депозит бойынша мөлшерлеме қандай?

Қосымшаңызда ашылатын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі бөлімшеде ашылатын депозиттерден жоғары және келесіні құрайды:

1) Ішінара ақша алуға болатын депозит KZT 10,40%;

2) Ішінара ақша алуға болмайтын депозит KZT 10,50%;

3) Ішінара ақша алуға болатын және болмайтын депозит USD 1,0%;

4) Ішінара ақша алуға болатын және болмайтын депозит EUR 0,10%

Карта бойынша лимиттер, картаны бұғаттау +

1. Карта бойынша лимитті өз бетінше қайдан өзгертуге болады?

Карта бойынша лимитті өзгерту үшін басты экранда төлем картасының шотына басу керек, одан кейін оң жақ жоғарғы бұрыштағы «үш нүктеге» басу керек, одан соң бұл шотқа байлаған карталар тізімі ашылады, лмитін өзгерткіңіз келетін картаның баптауына өтесіз. Бұл жерде өз бетіңізше белгілей алатын лимиттер ғана көрсетіген. Қалған лимиттер байланыс орталығына немес Банк бөлімшесіне жолыққан кезде өзгертіледі. Лимиттердің толық тізімімен «Тарифтер мен лимиттер» бөлімінде таныса аласыз.

2. Картаны жоғалтып алсам не істеуім керек?

Егер картаңызды жоғалтып, таба алмасаңыз, қосымшада картаны бұғаттаңыз. Егер картаның жоғалғанына сенімді болмасаңыз оны уақытша бұғаттай аласыз. Уақытша бұғаттау кез келген уақытта шешуге болады.

Ол үшін басты бетте карточкалық шотқа басыңыз, қосымша мәзірге өтіңіз (оң жақ жоғарғы бұрыштағы үш нүкте). Одан кейін керекті карта бойынша БАПТАУҒА басыңыз – осы жерде картаңызды бұғаттай немесе бұғаттаудан шығара аласыз.

3. Егер картаны ұрлап кетсе

Егер картаны жоғалтқаныңызға немесе ұрлатқаныңызға сенімді болаңыз тез арада картаны тұрақты бұғаттауды қосыңыз!

Ол үшін басты бетте карточкалық шотқа басыңыз, қосымша мәзірге өтіңіз (оң жақ жоғарғы бұрыштағы үш нүкте). Одан кейін керекті карта бойынша БАПТАУҒА басыңыз - осы жерде картаңызды бұғаттай аласыз. Тұрақты бұғаттау алынбайды және картаны қайтадан шығару қажет.

Мобильді қосымша орнатылған телефонның (смартфонның/басқа құрылғының) жоғалуы немесе ауыстырылуы +

1. Егер сіз телефоныңызды ауыстырып (ауыстыруды жоспарласаңыз), жаңа телефонға мобильді қосымшаны орнатсаңыз және енді қосымшаға кірген сайын сізден SMS- код сұраса не істеу керек? Шешімнң екі нұсқасы бар:

Бірінші нұсқасы:

а) «Ескі» телефондағы қосымшада «Мені бұл құрылғыда ұмыту» қызметін қолдану қажет.

б) «Жаңа» телефонда қосымшаға алғаш кіргенде логин мен құпиясөзді енгізген кезде «Мені есте сақтау» қызметіне басу керек.

Екінші нұсқасы:

Егер «ескі» телефондағы қосымшада «Мені бұл құрылғыда ұмыту» қызметін қолдану мүмкіндігі болмаса, келесі әрекетті орындау қажет:

«Жаңа» телефонда қосымшаға кіргенде, логин мен құпиясөзді енгізген кезде «Мені есте сақтау» қызметіне басу керек -> сосын қосымшадан шығу қажет -> құпиясөз бен SMS-кодты (егер талап етілсе) қолану арқылы қайта кіру -> «Мені бұл құрылғыда ұмыту»-ды басу -> қосымшаға қайта кіргенде, логин мен құпиясөзді енгізген кезде «Мені есте сақтау» қызметіне басу керек -> бұдан кейін қосымшадан шығып, қайта кірген кезде SMS-код сұратылмайды.

2. Егер мен ұялы телефонымды жоғалтып алсам, басқа біреу менің есеп жазбама кіре алады ма?

Жоқ. Өйткені қосымша сізге ғана белгілі құпиясөзбен қорғалған, алайда сіздің құпиясөзіңіз үшінші тұлғаларға белгілі болуы мүмкін деген күмәніңіз болса, тез арада МИБ-тегі есеп жазбаңызды бұғаттау үшін 7575 немесе 8 8000 800 819 (ұялы телефоннан қоңыра шалу тегін) телефоны бойынша Contact Center-ге хабарласу қажет.

Құпиясөзді ұмыту немесе телефон нөмірінң өзгеруі +

1. Құпиясөзімді ұмытса не істеуім керек?

Егер құпиясөзіңізд ұмытсаңыз, «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» қызметін қолдану арқылы жаңа құпиясөз орнату рәсімін өту керек. Бұл кезде қосымша сізден ұялы телефоныңыздың нөмірін, бұдан әрі құпия сұраққа жауапты енгізуіңізді сұрайды, содан кейін жаңа құпиясөзді орната аласыз.

2. МИБ-ке кіру үшін логин ретінде қолданылатын негізгі телефон нөмірін қалай өзгертуге болады?

Негізгі телефон нөмірі клиент Банк бөлімшесіне келіп, өтініш берген жағдайда ғана өзгертіледі. Бұдан кейін клиентке МИБ-те іске қосу рәсімін қайта өту қажет.

3. Құпиясөз (6 рет) дұрыс енгізілмей есеп жазбасы бұғатталса не істеу керек?

7575 немесе 8 8000 800 819 (ұялы телефоннан қоңыра шалу тегін) телефоны бойынша Contact Center-ге хабарласу қажет.

Іске қосу/тіркелу +

1. Интернет немесе Мобильді қосымшаға (МИБ) қалай тіркеледі (іске қосылады)?

Қолданушы МИБ-ке алғаш кірерде ғана іске қосылады. Іске қосылу үшін қосымшаға кіріп, «Тіркелу» түймесін басып, мәліметтеріңізді ретімен енгізу қажет: ЖСН, ұялы телефон нөмірі (клиент Банкке келгенде көрсеткен) және банктік шотының немесе төлем картасының соңғы алты саны. Егер барлық мәліметтер дұрыс енгізілген болса, банк жүйесінде сіздің профиліңіз іске қосылады, құпиясөзді және құпия сұраққа жауапты ойластырған соң МИБ-ке кіру рұқсаты беріледі.

2. Логин/құпиясөз/құпия сұраққа жауап қандай белгілерден тұруы керек? Ұзындығы бойынша қалай шектелген?

Жүйеге кіру логині ретінде ұялы телефоныңыздың нөмірі қолданылады. Құпиясөз ретінде алты таңбалы цифрлық код қолданылады. Құпия сұраққа жауап кириллше немесе латынша жазылған бір сөзден ғана тұрады (Бас және кіші әріптерден тұруы мүмкін).

3. МИБ-ке кіру үшін қолданылатын құпиясөздің мерзімі қандай?

Құпиясөздің қолданылу мерзімі 90 күн. Аталған мерзім өткен соң қолданушыға құпиясөзді өзгерту ұсынылады.

4. Бұрынғы («ескі») интернет-банкинг жүйесінің қолданушысы болған клиенттер МИБ-ке қалай кіреді?

Интернет-банкинг жүйесінің «ескі» нұсқасын қолданған клиенттер үшін МИБ-ке кіру бұрынғы құпиясөзі мен телефон нөмірі, МИБ-ке кіру үшін логин ретінде қолданылатын, бойынша жүзеге асырылады (клиент Банкке келгенде көрсеткен нөмір).

SMS хабарлама туралы +

1. Сіз SMS алмадыңыз немесе кідіріспен аласыз. Не себепті?

Бұл келесілермен байланысты болуы мүмкін:

- мобильді байланыс операторларының желісіндегі жүктеменің көптігі (мысалы, мемлекеттік органдардан, ТЖМ және т.б. жаппай таратылым болған кезде);

- хабарлама келетін Банк нөмірі сіздің құрылғыңызда қара тізімге (спам) енгізілген болуы мүмкін, телефон баптауын қарау қажет;

- егер телефоныңызға SMS Банктен ғана емес, сонымен қатар басқа жолдаушылардан да келмесе, құрылғыңызды қайта жүктеу қажет немесе байланыс операторына хабарласу керек;

- роумингтегі немесе SMS алу үшін шетелдік нөмірін қосқан клиенттер болуы мүмкін, бірақ бұл ретте SMS жеткізу мобильді байланыс операторлары арасындағы халықаралық кросс-келісімдерге және олардың қамтитын аймақтара байланысты, Банкте бұл туралы ақпараттар жоқ, сол себепті бұл клиенттерге SMS жеткізілуіне 100% кепілдік бере алмайды. Кейбір жағдайларда, аталған оқиғаларға байланысты SMS уақыт бойынша үлкен кідіріспен келуі мүмкін;

- егер SMS келмесе немесе кідіріспен келетін болса, бәрібір 7575 немесе 8 8000 800 819 (ұялы телефоннан қоңыра шалу тегін) телефоны бойынша Contact Center-ге хабарласу қажет.

2. Ұялы телефонымда баланс болмаған жағдайда SMS-кодты ала аламын ба?

Назар аударыңыз, мобильді операторлардың кейбір тарифтік жоспарлары бойынша шотыңызда баланс болмаса SMS келмейді. Мобильді операторыңыздан бұл ақпаратты нақтылап алуыңыз қажет.

3. Қандай жағдайларда SMS-кодты енгізу талап етілмейді?

5000 теңгеге дейінгі төлемдер кезінде SMS-кодты енгізу талап етілмейді.

* және өз шоттары арасындағы аударымдар кезінде (депозиттерден аударымдарды қоспағанда).

4. SMS алу үшін телефон нөмірін қалай өзгерту керек?

SMS алу үшін телефон нөмірін клиент 7575 немесе 8 8000 800 819 телефоны бойынша Contact Center-ге хабарласуарқылы өзгерте алады.

5. SMS-кодты электронды поштаға алуға болады ма?

Жоқ, SMS-код ұялы телефон нөміріне ғана келеді.

6. МИБ-тің интернет нұсқасына браузер арқылы кірген кезде SMS-кодты енгізуді өшіріп қоюға болады ма?

Жоқ, қауіпсіздік талаптарына сәйкес өшірп қою мүмкін емес.

7. SMS-код дұрыс енгізілмей (5 немесе одан артық рет) МИБ-тегі есеп жазбасы бұғатталса не істеу керек?

7575 немесе 8 8000 800 819 (ұялы телефоннан қоңыра шалу тегін) телефоны бойынша Contact Center-ге хабарласу қажет.

* Қауіпсіздік мақсатында аптасына төлем сомаы 20 000 теңгеден асқан жағдайда SMS-кодты енгізу жаңартылады.

Чек/түбіртек/үзінді көшірме алу +

1. Карточкалық/ағымдағы/депозиттік шот бойынша үзінді көшіме алуға болады ма?

Иә, "ForteBank" АҚ-да ашылған кез келген шот бойынша үзінді көшірме ала аласыз

2. Ағымдағы/карточкалық/ депозиттік шот бойынша қандай кезең үшін үзінді көшірме алуға болады?

Үзінді көшірмені бір жылға дейінгі кезеңде ай сайын, сонымен қатар 30 күнге дейінгі аралық кезең үшін алуға болады. Бір айдан асатын кезең үшін үзінді көшірме жасау орынсыз, өйткені техникалық ерекшелігіне байланысты құрылғы интерфейсі экранға шығарылатын белгілі жолдан артығын сыйғыза алмайтындығын қосымша хабарлаймыз.

3. Операцияны жүргізген соң төлем/аударым жасалғандығын растайтын чекті/түбіртекті* қалай қалыптастырады?

Шотқа басып, транзакциялар тізімінен қажетті операцияны тауып, оған басып, «Чекті/түбіртекті жүктеу» әрекетін жасау қажет.

* Чек – аударым немесе төлем жасағанда қалыптастырылады, онда төлем кезінде бір ауыспалысы көрсетіледі.

Түбіртек – көбіне коммуналдық төлемдер бойынша қалыптастырылады, онда төлем кезінде бірнеше ауыспалысы көрсетіледі.

Жаңарту, техникалық талаптар, параметрлер және басқалары +

1. Интернет нұсқас үшін қандай браузерді қолдану қажет?

Mozilla Firefox, Internet Explorer, Google Chromeбраузерлерін қолдану ұсынылады.

2. Егер мобильді қосымша жаңартуды талап етсе, ол нені білдіреді?

Банк жаңа нұсқасын дайыедады және қосымшаның дұрыс істемей қалуының алдын алу үшін жаңартуды орнату қажет дегенді білдіреді.