Пайдаланушы Сақтандыру

ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

Осы электрондық банк қызметтерін көрсету туралы келісіммен (бұдан әрі – Келісім) Банктің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық банк қызметтерін көрсетуімен байланысты «ForteBank» АҚ (бұдан әрі – Банк) және Пайдаланушының арасындағы қарым-қатынас реттеледі.

Осы Келісім қосылу шарты болып табылады және Пайдаланушы Келісімнің барлық талаптарын қабылдайтындығы туралы келісімін растағаннан күннен бастап бекітілген болып есептеледі және заңды күшке ие болады, тараптардың тиісті міндеттемелерін тудырады және жазбаша нысанда жасалады. Банк Пайдаланушыны көрсетілген Келісімді www.forte.kzресми сайтынан алу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

Пайдаланушы Келісімнің талаптарын қабылдау туралы келісімін растай отырып, Электрондық банк қызметтерін көрсету туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оның жалпы талаптарын (бұдан әрі – Жалпы талаптар) оқып, түсінгендігін және келісетіндігін растайды және оларды уақытында және толық көлемде орындауға міндеттенеді. Жалпы талаптар ҚБҚЖ-дағы https://support.forte.bank/kz/page/6қолдау бөлімінде және Банктің www.forte.kzресми сайтында орналастырылған.

Пайдаланушы қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесін пайдалану «қалай бар солай» талаптарында, яғни Келісімнің күшінде болатын мерзімі ішінде Банк кез келген уақытта ұсынған функционал кешені, ақпараттық толтырылуы, интерфейс, дизайн, басқа да құрамын толықтырушылар және қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесінің талаптарына сәйкес қана қолдану мүмкін, Пайдаланушының қалауы бойынша оны өзгерту техникалық тұрғыдан мүмкін емес екендігін түсінеді және келіседі.

1.Келісімнің мәні

1. Банк Келісім шеңберінде және оның талаптарында Пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен ҚБҚЖ арқылы электрондық банк қызметтерін көрсетуге міндеттенеді, ал Пайдаланушы Банктің филиалдарындағы/бөлімшелеріндегі көпшілікке қолжетімді орындарда және Банктің www.forte.kzресми сайтында орналастырылған тарифтеріне сәйкес ол қызметтерге ақы төлейді.

2.Банк қауіпсіздік рәсімдерінің талаптарына сәйкес ҚБҚЖ арқылы электрондық банк қызметтерін көрсетеді.

3. Пайдаланушы Келісім бойынша орындалмаған міндеттемелері болмаса, Келісімнен біржақты тәртіпте бас тартуға құқылы және ол туралы шартты бұзу жоспарланған күннен күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Банкке тиісті жазбаша хабарлама жолдауы тиіс.

4. Банк Келісімді біржақты соттан тыс тәртіпте өзгертуге немесе одан бас тартуға құқылы, ол туралы Келісімді өзгерту/әрекетін тоқтату жоспарланған күннен күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тиісті ақпараттық хабарламаны Банктің www.forte.kz ресми сайтында орналастыруы немесе Пайдаланушыға тиісті SMS хабарламаны жолдауы тиіс.

5. Келісім Тараптардың келісімі бойынша немесе Тараптардың бірі Келісім талаптарын бұзса, біржақты тәртіпте бұзылуы мүмкін.

6. Келісімнің әрекеті мына жағдайларда тоқтатылады:

1) Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда және тәртіпте;

2) егер Пайдаланушы жүргізетін операцияларды зерделеу процесінде олардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында жасалғандығы туралы күмән туындаса;

3) Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде Пайдаланушы туралы мәліметтердің болуы;

4) егер операцияның/мәміленің немесе мәміле бойынша міндеттеменің бір тарабы/қатысушысы халықаралық ұйым немесе шет мемлекет белгілеген, ақшаның жылыстауы және терроризмді қаржыландырудың едәуір қаупі бар елде тіркелген тұлға болса немесе бұл операцияны/мәмілені орындауға осындай тұлға қатысса;

егер Банк осы Келісімнің, Қазақстан Республикасы және Банк қызметін қозғайтын шет мемлекеттердің заңнамасының, Банктің жария болған талаптары мен ішкі рәсімдерінің, корреспондент банктің талаптары бұзылады, бұзылуы мүмкін деп болжаса, сондай-ақ кез келген елдің, халықаралық ұйымның әрекеті Банк пен Пайдаланушыға қолданылатын юрисдикциясына сәйкес санкциялар бар болған жағдайда.

7. Келісімде қарастырылмаған басқа жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

2. Банк деректемелері

Мекенжайы: 010017, Қазақстан Республикасы, Нур-Султан қаласы, Достық көшесі, 8/1
Телефоны: +7 (717) 258-40-40
Факс:+7 (717) 259 67 87
e-mail info@fortebank.com
БСК IRTYKZKA
БСН990740000683

ЭЛЕКТРОНДЫ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ

ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

Электронды банк қызметтерін көрсету туралы келісімнің жалпы талаптары (бұдан әрі – Жалпы талаптар) Электронды банк қызметтерін көрсету туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) ажырамас бөлігі болып табылады және онда Банктің қашықтан банк қызметін көрсету жүйесі арқылы электронды банк қызметтерін көрсетуінің негізгі талаптары мен тәртібі жазылған. Келісімге қол қою арқылы Қолданушы Жалпы талаптардың ережелерін оқығандығын, түсінгендігін және қандай да бір ескертулерсіз және қарсылықсыз толықтай келіскендігін растайды және Жалпы талаптардың барлық ережесін уақытында әрі толық көлемде орындауға міндеттенді.

Мәтінде қолданылатын терминдер мен анықтамалар келесі мағынаға ие:

1)аутентификация - растау кодын қолдану арқылы электронды құжаттың дайындалуының түпнұсқалылығын және дұрыстығын растау;

2)сәйкестендіру – қолданушыға электронды бан қызметтеріне қашықтан кіру рұқсатын берген кезде оны сәйкестендіру рәсімі;

3)қолданушы– жеке тұлға – қашықтан банк қызметін көрсету жүйесі арқылы электронды банк қызметтерін алушы;

4)тіркеу– Қолданушы қашықтан банк қызметін көрсету жүйесіне кіру үшін логин мен ПИН кодын құру үшін дербес мәліметтерін енгізу рәсімі;

5)электронды банк қызметтері – осы Келісімнің мәнмәтінінде Банктің Қолданушыға ҚБҚЖ арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен ұсынатын Жалпы талаптарда көрсетілген қызметтерді білдіреді;

6)Қолданушының нұсқауы – растау кодымен куәландырылған, Банкке Банк қашықтан банк қызметін көрсету жүйесі арқылы электронды банк қызметтерін көрсету кезінде қолданылатын байланыс каналдарымен берілген, Қолданушының төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізгендігі туралы өкімі

7)растау коды (SMS-код) – Қолданушының сұранысы бойынша Банктің бағдарламалық-техникалық құралдарымен құралатын, бірегей реттік электронды цифрлы символдардан тұратын және Қолданушыға электронды банк қызметтеріне рұқсат берген кезде бір рет қолдануға арналған бір реттік (біржолғы) код;

8)қашықтан банк қызметін көрсету жүйесі (ҚБҚЖ) – ол арқылы Банк Қолданушыға электронды банк қызметтерін көрсететін, интернет және мобильді банкинг жүйесінен тұртын бағдарламалық кешен;

9)тұрақты өкім ақша жолдаушының Банккеоның атынан осы тапсырмада көрсетілген талаптарға және деректемелерге сәйкесбір немесе бірнешебенефициар пайдасына тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру туралытапсырмасы;

10)токенизация – Қолданушыныңмобильді құрылғылар арқылы операциялар жүргізуі үшін төлем карточкасындағы 16 санды нөмірдің орнына қолданылатын цифрлардың (токен) кездейсоқ үйлесімін беру (генерация) процесі;

11)NFC- Nearfieldcommunication, «жақын жанасусыз байланыс» - шағын радиусты әрекеттің сымсыз жоғары жиілікті байланыс технологиясы, ол арқылы 10 сантиметр шегіндегі құрылғылар арасында деректермен алмасуға болады;

12)БКЖ – банктік компьютерлік жүйелер (Compass Plus, Colvir, Web Methods);

13)Чат – ҚБҚЖ Қолданушылармен нақты уақыт режимінде хабарлама алмасу сервисі;

14)Бот (виртуалды дербес көмекші) – хабарлама алмасу кезінде ҚБҚЖ Қолданушылардың сұрақтарына автоматты түрде жауап беретін арнайы бағдарлама.

15)виртуалды карточка – Келісімде қарастырылған тәсілмен Банктің Банк клиентіне оның деректемелері туралы ақпаратты беруі жолыменҚБҚЖ арқылыэлектронды түрде шығарылған төлем карточкасы;

16) үзінді көшірме – төлемдер және (немесе) ақша аударымы және Келісімге сәйкес төлем карточкалары арқылы орындалған басқа операциялар туралы ақпарат. Үзінді көшірме виртуалды/алдын ала төленген виртуалды карточка арқылы карточкалық операцияларды орындаудың жеткілікті дәлелі;

17) алдын ала төленген виртуалды карточка – Қолданушыға банк шотын ашусыз электронды түрде шығарылатын және оған оның алғашқы ұстаушысы алдын ала енгізген және Банктің алдын ала төленген виртуалды карточкалармен операцияларды есептеуге арналған ішкі шотында есептелген сома шегінде төлем және (немесе) ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін карточка.

18) jailbreak- Apple корпорациясының iPad, iPhone қоса алғанда бірқатар құрылғыларының файлдық жүйесіне кіру рұқсатын алуға мүмкідік беретін, Apple корпорациясы ресми түрде қолдамайтын операция.

19) rootАндроидқа құқық, жүйедегі арнайы есептік жазба, оның иесі жүйеде кез келген операцияны орындауға мүмкіндігі бар;

20) SMS-хабарлама – әріпті-цифрлық мәтінімен ақпараттық-жарнамалық сипаттағы SMS-хабарлама;

21) Push-хабарлама - әріпті-цифрлық мәтінімен ақпараттық-жарнамалық сипаттағы хабарлама.

Жалпы талаптардың мәтінінде қолданылатын басқа арнайы терминдер мен белгілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынаға сәйкес қолданылады.

1.Электронды банк қызметтерінің тізімі

1.1.Банк Қолданушыға Банктің келесі қызметтерін қашықтан қолдану мүмкіндігін береді:

Банктік анықтама қызметтер*:

1)Қолданушының Банкте ашылған кез келген банктік шоты бойынша белгілі кезең /белгілі күн үшін ақша қалдығы және қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;

2)Қолданушының депозиті бойынша есептелген сыйақы туралы ақпаратты ұсыну;

3)банктік шоттың, бекітілген банктік шот/банк салымы туралы шарттың нөмірі мен валютасы, банктік шот туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты ұсыну;

4)банктік қарыз туралы шарт бойынша өтеу кестесі туралы ақпаратты ұсыну;

5)қызмет жеткізушілер алдындағы берешек бойынша ақпаратты ұсыну;

6)филиалдар мен банкоматтар туралы ақпаратты ұсыну;

7)Банкпен белгіленген валюта айырбастау бағамы туралы ақпаратты ұсыну;

8)Банктің банк қызметтерін көрсету шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты ұсыну;

Төлем қызметтері*:

9)банк шоты арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарына, соның ішінде үшінші тұлғалардың, ақша аудару;

10)банк шотын ашусыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру;

11)ақшаны төлем карточкасы арқылы алу мүмкіндігімен телефонға (мобильді телефон нөміріне) ақша аудару немесе банкоматтан қолма-қол ақша алу;

12)төлем картокасын онлайн шығару;

13)қызмет жеткізушілер пайдасына төлемдер жүргізу;

14)бюджетке ақша аударымдарын/төлемдерді жүргізу;

15)банктік қарыз бойынша берешекті өтеу.

Басқа қызметтер*:

16)кредит алуға өтінім беру, кредит бойынша талаптарды өзгерту;

17)банк шотын онлайн ашу;

18)шетелде карталық операцияларды жүргізуге, банкоматтан қолма-қол ақша алуға және Интернет желісінде операция жүргізуге шектеу қою/алу және т.б.;

19)төлем карточкасын уақытша және толық бұғаттау;

20)ҚБҚЖ-ге кіру ПИН кодын өзгерту;

21)ҚБҚЖ Қолданушылармен нақты уақыт режимінде хабарлама алмасу сервисі (чат);

22)виртуалды дербес көмекшілермен нақты уақыт режимінде хабарлама алмасу сервисі (бот).

*8)-11) және 13), 14) тармақшаларда көрсетілген қызметтер Қолданушының тіркеу рәсімін өтуінсіз көрсетіледі.

Бұл тізім толық болып табылмайды және ҚБҚЖ дамытылуына қарай Банкпен бір жақты тәртіпте толықтырылуы/өзгертілуі мүмкін, ол туралы Банк өз Қолданушытеріне тиісті ақпараттық хабарламаны Банктің www.forte.kz. ресми сайтында орналастыру арқылы хабарлайды.

2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1. Банкміндетті:

1)КелісімдеқарастырылғантәртіптеҚолданушыныңҚБҚЖ-де сәйкестендірілуін және аутентификациялануынқамтамасызетуге;

2)электрондыбанкқызметтерінКелісімдежәнеҚазақстан Республикасының заңнамасындақарастырылғантәртіптеұсынуға;

3)ҚолданушығаэлектрондыбанкқызметтерінекірудіүзуіжәнепайдалануғакедергікелтіруімүмкінҚБҚЖ-де жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстар туралы жүргізіліп жатқан жұмыстардың аяқталу мерзімін көрсете отырып www.forte.kz сайтыда ақпараттық хабарламаны орналастыру арқылы хабарлауға;

4)ҚолданушыКелісімталаптарынжәнеҚазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда ҚБҚЖ арқылы дайындалатын және жіберілетін Қолданушы құжаттарын/нұсқауларын орындауға;

5)БанкҚолданушыныңоперацияларыбойыншабанктікқұпияныңсақталуыүшінжауапкершіліккөтереді. АталғаноперацияларбойыншаақпаратҚолданушыменжасалғанкелісімдежәнеҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгентәртіптеғанаашылады.

2.2.Банкқұқылы:

1)Келесі жағдайларда Қолданушыныңоперациясынжүргізудітоқтатуғажәне/немесебастартуға:

- Қолданушынысәйкестендіружәнеаутентификациялаубойыншашараларқолданумүмкінболмағанда;

- Қолданушытөлемкарточкаларыныңдеректемелеріненгізукезіндеойданшығарылғанаттардыкөрсеткенжағдайда;

- егерҚолданушыжүргізетін операцияларды зерттеу барысында рұқсат етілмегн операциялар жүргізіліп жатқандығы туралы күмән болса;

- егер Қолданушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті құрастырған терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізіліміне немесе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жинақты санкциялы тізіліміне енген тұлға болса;

-егер бұл операцияның/мәміленің немесе мәміле бойынша міндеттеменің бір тарабы/қатысушысы халықаралық ұйыммен немесе шетел мемлекетімен анықталған елде ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру айтарлықтай қаупі бар деп тіркелген тұлға болып табылатын болса немесе бұл операцияны/мәмілені орындауда бұндай тұлға қатысатын болса;

-егер Қолданушы жүргізетін операцияларды зерттеу барысында олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроримді қаржыландыру мақсатында жасалып жатқандығы туралы күмән болса;

-Қолданушы қажетті құжаттарды және ақпаратты беруден, сонымен қатар оның мәліметтерін/жеке мәліметтерін жинақтау, өңдеу және ForeignAccountTaxComplianceAct (FATCA) талаптарына сәйкес АҚШ салық қызметіне (Internal Revenue Service), соның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары арқылы беруіне келісім беруден бас тартқан жағдайда;

-Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген жағдайларда;

-Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда.

2)Қолданушы осы Келісімге қол қоя отырып оның екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шотынан(шоттарынан) төлем карточкасы арқылы ақша алуға берген алдын ала келісімінің негізінде Қолданушы оған Банк осы Келісімге сәйкес көрсеткен электронды банк қызметі үшін төлеуі тиіс тариф көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген жолмен ақша алуға;

3)Қолданушының екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарында төлем карточкаларын қолдану арқылы Банк тарифтеріне сәйкес комиссияларды төлеу үшін жеткілікті қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартуға;

4)операцияның/мәміленің немесе мәміле бойынша міндеттеменің бір тарабы/қатысушысы санкция салынған, елде тіркелген тұлға болған жағдайда жекебанктердіңнемесеқандайдабірелдіңбанктерініңтөлемкарточкаларынтіркеуденбастарту;

5)бұндай ақпаратты Банк филиалдарының/бөлімшелерінің көпшілікке қол жетімді жерлеріне және Банктің www.forte.kz ресми сайтына орналастыру арқылы, өз бетінше және бір жақты тәртіпте Тарифтерге және Банктің ҚБҚЖ пайдалану тәртібін және электронды банк қызметтерін ұсыну шарттарын реттейтін басқа құжаттарына өзгертулер енгізуге, бір жақты тәртіпте бұндай өзгерістер енгізуге тыйым салынған заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда;

6)ҚБҚЖ-да интерфейсті және техникалық баптауларды өзгертуге.

2.3. Қолданушыміндетті:

1)ҚБҚЖ-деоперацияорындауүшінтөлемкарточкаларыныңдекһректемелеріненгізукезіндетөлемкарточкасынұстаушыныңшынайыдеректерінкөрсетуге;

2)ҚБҚЖ-деаутентификациялаужәнесәйкестендірудіңжекепараметрлері, соныменқатар CVV2/CVC2-кодын, Verified by Visa/MasterCard Secure Code қолданумен, 3D Secure/SecureCodeбір реттік кодын дұрыс тергендігін растауменжүргізілген, соныңішіндежүйелі төлемдер және (немесе) аударымдар бойынша,карточкалықоперациялардыжүргізукезіндетөлемкарточкасыныңдеректемелерітуралыақпараттыбасқа тұлғаларға жарияламауға/бермеуге;

3)Банк ақша аудару сомасы бойынша белгілеген лимиттерді, сонымен қатар эмитент банктердің лимиттерін және халықаралық төлем жүйесімен реттелетін лимиттерді ескере отырып, ақша аударымын жүргізуге;

4)ҚБҚЖ-деаутентификациялаужәнесәйкестендірудіңБанк белгілеген барлық қажетті рәсімін орындауға;

5)ҚБҚЖ-ныосыКелісімталаптарынатолықсәйкесқолдануынжүзегеасыру;

6)Төлем/ақшааударымынжасауқажетболғанжағдайдатөлем/ақшааударымынжәнеБанктарифтерінесәйкескомиссиялықсыйақыжасауүшінжеткіліктісоманықамтамасызету;

7)Банктің қауіпсіздік рәсімінің талаптарын сақтау;

8)Банкке Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралыҚазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтауға, Банктің валюталық бақылау, операциялар жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, сондай-ақ Клиенттің жеке /дербес мәліметтерін жинау, өңдеу үшін және FATCA талаптарына сәйкес, онымен қоса оларды Қазақстан Республикасы уәкілетті органы арқылы АҚШ (Internal Revenue Service) Салық Қызметіне беру үшін беруге. FATCA талаптарынасәйкесБанккеберілгенақпаратөзгергенжағдайда (соныңішіндеҚолданушыАҚШазаматыжәнесалықтөлеушісіболыптабылмайтындығы, біржылішіндеАҚШ-қашықпағандығы, АҚШ-татұруғаықтиярхаты, АҚШ-татіркелгенпошталықадресі, телефоннөміріжоқтығы, АҚШ-татұратынжекетұлғағаоперацияларжасауғасенімхатбермегендігітуралы) ҚолданушыБанккеөзбетіншехабарлауғамідеттенеді;

9)Келісімге, Банктарифтерінеенгізілгенөзгерістерге/толықтыруларғаБанксайтындатанысуарқылыжиімониторингжасауға;

10)Қандайдабіркарточкалықоперациялардыңзаңдылық (рұқсатетілгендік) дәрежесінанықтауүшін (Қолданушы – алдыналатөленгенвиртуалдыкарточкаұстаушыныңоларғақатысуыннемесеқатыспауын) Банктіңоныменжылдамбайланысаалуынқамтамасызетуге;

11)алдыналатөленгенвиртуалдыкарточкадағыақшасомасыноныңқолданылумерзіміішіндетолықигеруге;

12)алдыналатөленгенвиртуалдыкарточканыкәсіпкерлікнемесеқандайдабірзаңсызмақсатта, ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындатыйымсалынғантауарлрды, жұмыстардыжәне/немесеқызметтердітөлеудіқосаалғанда, қолданбауға;

13)алдыналатөленгенвиртуалдыкарточканы қолдану кезінде төлемдерді/аударымдарды жүргізу және төлем құжаттарын ресімдеу, валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және Келісмде және ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленген басқа талаптарды сақтауға;

14)бағдарламалықжасақтаманыңжәнекомпьютерлердіңнемесетөлемжүргізукезіндеинтернетжелісінекіруүшінқолданылатынбасқақұрылғылардыңтиістіқорғалуынқамтамасызетуге;

15)мобильді құрылғыны ауыстырар алдында, ҚБҚЖ қолдану және мобильді құрылғысынан қосымшаны өшіру үшін міндетті түрде «Мені есте сақтау» функциясын белсенсіздіру керек, бұл Банктен SMS-хабарлама/Push-хабарламалардыдұрыс алу үшін қажет.

2.4. Қолданушықұқылы:

1)ЭлектрондыбанкқызметтеріносыКелісімдеқарастырылғантәртіптеқолдануға;

2)БанктенҚБҚЖ арқылы электрондыбанкқызметтеріналумәселесібойыншаақпаратжәнекеңесалуға;

3)БанктенКелісімбойыншаміндеттемелерінтиістітүрдеорындауынталапетуге;

4)ҚБҚЖ-де төлем карточкалары арқылы жүргізілген операциялар бойынша үзін көшірмелерді өз бетінше құруға.

3.Электронды банк қызметерін ұсыну тәртібі және талаптары

3.1. Қолданушы Келісімде белгіленген тәртіпте банк қызметтерін қашықтан пайдалану құқығын Келісімді талаптарын қабылдауға келісімін растаған соң және ҚБҚЖ-де сәйкестендіру рәсімін өткеннен кейін алады.

3.2. Қолданушы көрсеткен ұялы телефонының нөміріне Банк ҚБҚЖ-де қызмет көрсет үшін көрсетілген Қолданушының ұялы телефон нөмірінің сәйкестігін тексеру және растау үшін растау кодын жіберу арқылы Қолданушыны сәйкестендіру жүргізіледі.

3.3.Қолданушы тіркеу рәсімінен өткен жағдайда оны сәйкестендіру Қолданушының логині мен ПИН кодының дұрыс көрсетілгендігін тексеру арқылы жүргізіледі.

3.4.ҚБҚЖ-де тіркелуді және электронды банк қызметтерін алуды Қолданушы Жалпы талаптарда көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы өз бетінше жүзеге асырады.

3.5.ҚБҚЖ Қолданушы үшін тәулік бойы қолжетімді. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда Банк Қолданушыға АБҚЖ арқылы электронды банк қызметтерін ұсынады. ҚБҚЖ арқылы электронды банк қызметтерін алуға байланысты сұрақтарыңыз бойынша Банктің www.forte.kz ресми сайтында көрсетілген тәулік бойы қолдау көрсету қызметінің телефондарына хабарласу қажет.

3.6.ҚБҚЖ-де қызмет алу үшін бір мезетте келесі талаптардың болуы қажет:

1) ҚБҚЖ-ге кіру рұқсаты (Банктің https://my.fortebank.com немесе https://my.forte.bankweb-ресурсына қосылу арқылы немесе Банктің ресми мобильді қосымшасы арқылы);

2) қазақстандық байланыс операторының нөміріне SMS хабарлама қабылдау мүмкіндігі бар мобильді телефон;

3) Банкте ашылған банктік шот немесе екінші деңгейдегі банк шығарған төлем карточкасы;

4) Банктің электронды бак қызметтерін көрсететін техникалық мүмкіндігінің болуы;

5) эмитент Банктің операция жүргізуге келісімінің болуы.

3.7.ҚБҚЖ арқылы құжаттарды дайындаған, тапсырған және алған кезде Қолданушыны сәйкестендірген, сонымен қатар Банк Қолданушы енгізген растау кодын тексеру арқылы Қолданушының нұсқауларын аутентификациялаған жағдайда ғана осы Келісімде көрсетілген кез келген операцияны орындауға болады.

3.8.Егер Қолданушының Банкте банктік шоты болса, ол міндетті түрде тіркеу рәсімін өтуі қажет, егер Қолданушының Банкте банктік шоты болмаса, электронды банк қызметін алу үшін тіркеу рәсімін өтуге болады, бірақ міндетті болып табылмайды.

3.9.Егер Қолданушының Банкте банктік шоты болса, тіркеу мобильді телефон нөмірін, ЖСН, сонымен қатар банктік шот немесе төлем картасының нөмірінің соңғы 6 санын және Банк Қолданушыға SMS-хабарлама жолдау арқылы берген растау кодын енгізу арқылы жүргізіледі.

3.10.Егер Қолданушының Банкте банктік шоты болмаса, бірақ басқа екінші деңгейдегі банктегі банктік шотына кіру рұқсаты болып табылатын төлем картасы болса, тіркеу мобильді телефон нөмірін, ЖСН, сонымен қатар банктік шот немесе төлем картасының нөмірінің соңғы 6 санын және Банк Қолданушыға SMS-хабарлама жолдау арқылы берген растау кодын енгізу арқылы жүргізіледі.

3.11.Мобильді телефонының жеке нөмірін ауыстырған жағдайда ҚБҚЖ-де тіркелу мобильді телефонының жаңа нөміріне қайтадан жүргізіледі. Бұл ретте мобильді телефонының ескі нөміріндегі тіркелім жойылады. Мобильді телефонының жаңа нөміріне қайтадан тіркелу үшін мобильді телефонының нөмірін ауыстыру рәсімінен өту үшін Қолданушы Банк бөлімшесіне келуі қажет.

3.12.Қолданушы ҚБҚЖ арқылы Банкке электронды түрде жолдайтын нұсқаулар/құжаттар Қолданушыны аутентификациялау және сәйкестендірудің оң нәтижелерінен соң Қолданушының атынан жіберілген болып есептеледі және Қолданушының қолы қойылған қағаз түріндегі құжатпен тең дәрежеде қабылданады. Аталған құжаттар Банктің операция жүргізуі және Қолданушының атынан басқа әрекеттер жасауына негіз болып табылады.

3.13.Қолданушы мен Банк Келісімге сәйкес ҚБҚЖ арқылы Қолданушы жолдайтын және Банк қабылдайтын құжаттардан/ нұсқаулардан туындайтын барлық міндеттемені толық көлемде өз мойнына алуға міндеттенеді.

3.14.Қолданушыны аутентификациялау және сәйкестендірудің оң нәтижелерінен соң Қолданушы ҚБҚЖ арқылы электронды түрде жолдаған нұсқаулардың (электронды чек/түбіртек) жіберілгендігі/алынғандығы туралы Банк Қолданушыға растама береді. Қабылданған және/немесе орындалған электронды құжттарды есепке алуды (тіркеуді) Банк электронды есеп журналында жүргізеді.

3.15.Қолданушыдан ҚБҚЖ арқылы операция жүргізу туралы нұсқаулықты алған кезде Банк Қолданушының нұсқаулығын жіберілген күні Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте орындайды.

3.16.Банкаралық аударымдарды жүзеге асырған кезде аударымды жіберуші аударымды алушының дұрыс деректемелерін енгізгені үшін жауапкершілік көтереді.

3.17.Екінші деңгейдегі банктер шығарған төлем карточкаларының деректемелерін қолдану арқылы операциялар орындаған кезде Қолданушының нұсқаулықтары CVV2/CVC2 және 3D Secure кодтары дұрыс енгізілгендігін тексерудің оң нәтижесінен соң ғана Қолданушының атынан жіберілген болып есептеледі.

3.18.Аударым сомасының мөлшері Банк белгілеген аударым сомасы бойынша лимиттерден, соның ішінде эмитент банктердің лимиттерінен және халықаралық төлем жүйелерімен реттелетін лимиттерден аспайды.

3.19.ҚБҚЖ арқылы электронды банк қызметін көрсеткенде Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қолданушының барлық операциясы бойынша электронды түрде тиісті төлем құжаттарын қалыптастырады.

3.20.Электронды банк қызметін көрсеткенде Банк қалыптастырған төлем құжаттары электронды түрде 5 жыл сақталды.

3.21.Банк ҚБҚЖ арқылы электронды түрде Қолданушыға орындалған операциялар туралы хабарлама ұсынады.

3.22.Қолданушы Банктің ҚБҚЖ арқылы алған Қолданушының нұсқауларын орындауын өз бетінше қадағалауға міндетті.

3.23.Келісімнің мерзімі ішінде Банк ұсынатын төлем қызметтерінің ең ұзақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған мерзімге сәйкес келеді.

3.24.Банк ҚБҚЖ арқылы жүргізілген операцияны даулау бойынша нарзылықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық төлем жүйелерінің ережелерінде қарастырылған тәртіпте қабылдайды.

3.25.ҚБҚЖ қолданудың қауіпсіздігі мақсатында Пайдаланушыға ай сайын құпиясөзді ауыстыру ұсынылады.

2.«Тұрақты операциялар» қызметін ұсыну тәртібі

4.1. Банк Қолданушыға ҚБҚЖ арқылы «Тұрақты операциялар» қызметін ұсынуға міндеттенеді, ол ҚолданушығаТұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын орындау талаптарын қашықтан баптауға мүмкіндік береді, ал Қолданушы бұндай операцияларды Банк тарифіне сәйкес төлеуге міндеттенеді, егер Жалпы талаптарда басқасы қарастырылмаса.

4.2. Тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын орындаудың міндетті талабы Қолданушының ҚБҚЖ-де қолданыстағы тіркелімінің болуы.

4.3. «Тұрақты операциялар» қызметін Қолданушы сәйкестендірілген, сонымен қатар Банк Қолданушы енгізген SMS-кодты тексеру арқылы Қолданушының Тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу туралы нұсқаулығын аутентификациялаған соң Қолданушы ҚБҚЖ-де өз бетінше іске қосады.

4.4.Қолданушыны аутентификациялау және сәйкестендіру Қолданушы логин мен ПИН кодын және опреацияны растау SMS – кодын енгізу арқылы тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы бірінші нұсқауды жасау кезінде бір рет орындалады.

4.5.Қолданушыдан тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы бірінші нұсқауды алған жағдайда Банк Қолданушынын нұсқауларын Қолданушы көрсеткен мерзімде және сомада кезекті тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде Қолданушыны алдын ала аутентификациялау және сәйкестендірусіз орындайды. Банк жиі жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын Қолданушы көрсеткен күні сағат таңғы 9-00 бастап орындайды.

4.6.Қолданушы тұрақты операциялардың нақты орындалуын өз бетінше тексеруге міндетті.

4.7.Алда орындалатын операция туралы SMS-хабарлама/Push-хабарлама Қолданушыға тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізгенге дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын жолданады.

4.8.Тікелей операция туралы SMS-хабарлама/Push-хабарлама Қолданушыға Қолданушының банктік шотынан тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының сомасы есептен шығарылған сәтте жіберіледі.

4.9.Тұрақты өкімнің қолданылу мерзімін Қолданушы белгілейді. Тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырудың басталу күні сағат 20-00 кейін ағымдағы күнге қойылмайды.

4.10.ҚБҚЖ-да тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде бантік шотта ақша жеткіліксіз болуына байланысты операция орындалмаса (ол туралы ҚБҚЖ-да транзакция бойынша тиісті статус тіркеледі), Банк Қолданушыға бантік шотта операцияны орындау үшін ақша жеткіліксіздігі туралы тиісті SMS-хабарлама/Push-хабарлама жолдайды.

4.11.Қолданушы тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу туралы әр нұсқауда көрсеткен күні ҚБҚЖ әр 3 сағат сайын 5 рет ақшаны есептен шығаруға сұраныс жолдайды. Әр сұраныс кезінде Банк тиісті SMS-хабарлама/Push-хабарлама жолдайды.

4.12.Операцияны орындауға үшінші және соңғы талпыныс орын алғанға дейін Қолданушы өзінің банктік шотында тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу үшін қажетт соманың болуын қамтамасыз етпесе, операция болдырылмайды. Тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуді келесі талпынысы Қолданушы белгілеген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

4.13.Қолданушы кез келген уақытта Тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы нұсқау шаблонын жою арқылы тұрақты өкімнің күшін жоюға құқылы.

4.14.Қолданушының банктік шотынан ақшаны есептен шығару күні «Тұрақты операциялар» қызметінен бас тартқан жағдайда және егер бұл операция Банкпен орындалып қойған болса, бұл қызметтен бас тарту тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізудің келесі жоспарлы күнінен бастап орындалады.

4.15.Бенефициардың тарапынан техникалық мүмкіндік болған жағдайда Банк тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын бенефициардың пайдасына жүргізеді. Егер тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде бенефициардың жүйесі қандай да бір себеппен төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын қабылдамаса, Банк бұндай операцияның сәтті орындалуы үшін жауапкершілік көтермейді.

5.«Телефон нөміріне ақша аудары» қызметін ұсыну тәртібі

5.1.Телефон нөміріне ақша аудару операциясын орындау кезінде ақша жолдаушы ақша алушыны тиісті түрде тексеруді қамтамасыз ету үшін ақша аударатын тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын көрсетуге міндетті.

5.2.Егер ақша алушы ҚБҚЖ пайдаланушысы болса және оның «Пайдаланушының баптауында» «Негізгі шот» ретінде карточкалық шот белгіленсе, онда ақша ақша алушының көрсетілген шотына аударылады.

5.2-1. Егер ақша алушы ҚБҚЖ пайдаланушысы болмаса және оның «Пайдаланушының баптауында» «Негізгі шот» ретінде карточкалық шот белгіленбесе, онда ақша ақша алушы аударымды алу әдісін көрсеткеннен және төлем карточкасының қажетті деректемелерін немесе банкомат арқылы қолма-қол ақша алу кодтарын енгізгеннен кейін аударылады.

5.3.Ақша жолдаушы бекітілген лимиттерді ескере отырып, қолма-қол ақшаны Банк банкоматтарынан алу мүмкіндігімен ақшаны ұялы телефон нөміріне аудара алады. Банкомат арқылы қолма-қол ақшаны алу Банк бекіткен лимит шегінде аударым сомасы 1 000 (мың) теңгеден жоғары болған жағдайда ақша алушы қолма-қол ақшаны банкоматтан ала алады.

5.4.Ақша аударылған соң ақшаны алушыға бірегей сілтеме жазылған SMS хабарлама жіберіледі. Аударылған ақшаны алу үшін ақша алушы SMS хабарламадағы сілтемеге басуы керек. Сілтемеге басқан кезде егер қолданушыда ҚБҚЖ мобильді қосымшасы орнатылмаған болса, ҚБҚЖ-ның веб сайтының парақшасы ашылады, сол жерде қолданушы аударылған ақшаны алу тәсілін көрсетуі қажет.

5.5.Егер ақшаны алушы ақшаны төлем карточкасы арқылы алу тәсілін көрсетсе, онда ақшаны аудару үшін ақшаны алушы екінші деңгейдегі кез келген банктің төлем карточкасының деректемелерін енгізуі қажет.

5.6.Егер ақшаны алушы ақшаны банкомат арқылы алу тәсілін көрсетсе, онда банкомат арқылы қолма-қол ақшаны алу үшін ақшаны алушы ҚБҚЖ-да кодты генерациялауы қажет. Генерацияланған 6 таңбалы цифрлы кодтың қолданылу мерзім – 10 минут, сол уақыт ішінде Ақшаны алушы көрсетілген кодты Банктің кез келген банкоматына енгізуі қажет.

5.7.ҚБҚЖ-да генерацияланған кодты енгізген соң ақшаны алушыға Банктен 6 таңбалы цифрлы код түріндегі кодтың екінші бөлігі жазылған SMS хабарлама келеді, оны да банкоматтың экранында енгізу қажет. Көрсетілген кодтың қолданылу мерзім 3 минут.

5.8.Қолма-қол ақшаны алу Банк банкоматтарынан ғана және Банк ҚБҚЖ-да және SMS хабарлама арқылы жіберетін кодтың екі бөлігін дұрыс енгізген ғана мүмкін болады. Егер ақшаны алушы кодтың қандай да бір бөлігін 3 рет қате енгізсе, банкомат арқылы қолма-қол ақшаны алу операциясы бұғатталады. Алайда, ақшаны алушы Жалпы талаптардың 5.4. және 5.5. тармақтарында көрсетілген әрекеттерді қайталау арқылы аударылған ақшаны төле карточкасынан ала алады.

5.9.Егер телефон нөміріне ақша аударылған сәттен бастап 24 сағат өткен соң ақшаны алушы аударылған ақшаны алу үшін қажетті әрекеттерді орындамаса, ақша Банк комиссиясы шегеріле отырып, аударушының төлем картасына қайтарылады.

5-1."Жанасусыз төлем жасау" қызметін көрсету тәртібі

5-1.1«Жанасусыз төлем жасау» қызметі Android операциялық жүйесі орнатылған және NFC жанасусыз төлемдер технологиясын ұстайтын мобильді құрылғыларды қолданатын Пайдаланушы үшін қолжетімді.

5-1.2Пайдаланушы «Жанасусыз төлем жасау» қызметін алу үшін әмиянын Банктің мобильді қосымшасындағы "ForteWallet" модулінде тіркеу қажет және әмиян үшін 6 таңбалы цифрлық ПИН кодын белгілеуі тиіс.

5-1.3Пайдаланушы мобильді құрылғы арқылы жанасусыз төлемдерді жүзеге асыру үшін Банктің мобильді қосымшасындағы "ForteWallet" модулінде төлем құралы ретінде бір немесе бірнеше төлем карточкасын белгілеуі қажет, олардың әрқайсысына "ForteCardVirtual" виртуалды төлем карточкасы шығарылады, одан кейін оған токенизация жүргізіледі, бұл ретте:

1)Пайдаланушыға – Банк шығарған төлем карточкасының иесі үшін оның негізгі төлем карточкасына қосымша карточка ретінде "ForteCardVirtual" виртуалды төлем карточкасы шығарылады;

2)Пайдаланушыға – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі басқа банкі шығарған төлем карточкасының иесі үшін алдын ала төленген "ForteCardVirtual" виртуалды төлем карточкасы шығарылады.

5-1.4"ForteCard Virtual" виртуалды төлем карточкасын/ алдын ала төленген виртуалды төлем карточкасын шығару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған тәртіпте, Банктің ресми сайтында www.forte.kz жарияланған Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5-1.5Пайдаланушы "ForteCard Virtual" алдын ала төленген виртуалды төлем карточкасын шығару үшін Банктің мобильді қосымшасындағы "ForteWallet" модулінде "ForteCard Virtual" алдын ала төленген виртуалды төлем карточкасын сатып алу көзі – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі басқа банкі шығарған төлем карточкасының деректемелерін көрсетуі қажет, одан ForteCard Virtual" алдын ала төленген виртуалды төлем карточкасын толықтыру үшін ақша аударымы және Виртуалды төлем карточкасын шығару үшін банктік комиссияны ұстап қалу жүзеге асырылады.

ForteCard Virtual" алдын ала төленген виртуалды төлем карточкасын шығарудың ең жоғары сомасы 200 000 (екі жүз мың) теңгеден немесе шетел валютасындағы баламасынан аспауы тиіс.

5-1.6Пайдаланушы жанасусыз төлем жасау операциясын жүргізген кезде мобильді телефонын жанасусыз төлем жасау терминалына басады және егер төлем сомасы Банктің ресми сайтындағы www.forte.kz лимиттерде көрсетілген жанасусыз төлемдер үшін MasterCard халықаралық төлем жүйесінің қағидаларына сәйкес белгіленген сомадан асатын болса, Банктің мобильді қосымшасының "ForteWallet" цифрлық ПИН кодын енгізеді.

5-1.7Төлем токеннің токенделген "ForteCardVirtual" виртуалды төлем карточкасының нөмірімен сәйкестігі белгіленгенде ғана жүзеге асырылады және сауда жасау сомасы қол жеткізу құралы Пайдаланушының токенделген төлем карточкасы болатын банктік шоттан алынады.

5-1.8Төлем жасалғаннан кейін, Пайдаланушының токенделген "ForteCard Virtual" виртуалды төлем карточкасына тіркелген нөміріне SMS хабарлама/Push-хабарлама жолданады.

5-1.9Пайдаланушы Банктің мобильді қосымшасындағы "ForteWallet" модуліндегі әмиянды өшіре алады. Пайдаланушы Банктің мобильді қосымшасындағы "ForteWallet" модуліндегі әмиянды өшіргеннен кейін Пайдаланушы үшін «Жанасусыз төлем жасау» қызметі қол жетімсіз болады, бұл ретте, Пайдаланушыға ҚБҚЖ-да шығарылатын виртуалды төлем карточкалары ҚБҚЖ арқылы басқа электронды банктік қызметтерді алу үшін ҚБҚЖ экрандарында қол жетімді болады.

5-2."Чат/Бот" сервистерін ұсыну тәртібі

5-2.1"Чат/Бот" сервистері Банктің мобильді қосымшасы орнатылған ҚБҚЖ қолданушыларға және Интернет желісіне қосулы болған жағдайда ғана қолжетімді.

5-2.2"Чат" сервисі ҚБҚЖ-да тіркелген қолданушыларға ұсынылады. "Бот" сервисі ҚБҚЖ-да тіркелген және ҚБҚЖ-да тіркелмеген қолданушыларға ұсынылады.

5-2.3Чат ҚБҚЖ-нің басқа қолданушысымен немесе Ботпен бастамаланған соң Қолданушыға ҚБҚЖ-нің басқа қолданушысымен немесе Ботпеннақты уақыт режимінде диалогтік терезе арқылы хабарлама алмасу мүмкіндігі беріледі.

5-2.4Қолданушы чатты, соның ішінде топтық чаттарды ҚБҚЖ-нің басқа қолданушыларымен қолданған кезде Банк Қолданушының ұялы телефонындағы адрестік кітапта сақталған байланыс нөмірлерінің тізімін чаттың байланыс нөмірлері тізімінде көрінуі үшін синхронизациялау мақсатында ҚБҚЖ-нің басқа қолданушыларына Қолданушыны ҚБҚЖ-де тіркеу туралы статусты ұсынады.Сонымен қатар Қолданушыға Қолданушыларды ҚБҚЖ-де тіркеу статусы бойынша мәліметтерді жинауға, үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

5-2.5Қолданушыға тыйым салынады:

1)чат арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық құқық нормаларымен тыйым салынған ақпаратты, соның ішінде үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық бөлінуді тудыруға септігін тигізетін, зорлық-зомбылыққа немесе жануарларға адамгершіліксіз қарауға шақыратын, әдепсіз немесе намысқа тиетін сипаттағы, есірткі заттарын жарнамалау мәніндегі, заңға қарсы әрекеттерді талқылауға шақыратын, порнографиялық суреттерді сұрататын және ұсынатын ақпаратты, сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларға зиянын тигізуі мүмкін, мазасыздық тудыратын және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, Құқық иеленушінің және үшінші тұлғалардың авторлық және сабақтас құқықтарын бұзатын және Банк пен оның клиенттерінің мүддесіне зиян келтіре отырып, оларға қатысты заңға қарсы әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданылуы мүмкін материалдарды беруге;

2)жүктелім тудыраты, жұмыс жасауды нашарлататын және техникалық ақауға, ҚБҚЖ зақымдануына әкелуі мүкін зарарлы кодтары бар файлдарды және вирустарды чат арқылы беруге, сақтау.

5-3.Алдын ала төленген виртуалды карточканы шығару

5-3.1 Алдын ала төленген виртуалды карточканы шығару Банкте банктік шоты жоқ Пайдаланушыға, Банктің төлем карточкасын ұстаушыға оның деректемелері туралы ақпаратты ұсыну тәсілімен нақты тасығышсыз ҚБҚЖ арқылы электронды нұсқада жүзеге асырылады.

5-3.2 Алдын ала төленген виртуалды карточка, оны ұсынбай-ақ, Интернет желісінде тауарлар/жұмыстар/қызметтер төлемін жүзеге асыру үшін шығарылады.

5-3.3 Банк 200000 (екі жүз мыңнан) асатын сомаға, деректемелерін берумен, алдын ала төленген виртуалды карточка шығарады. Карточканы шығарған үшін Банктің сайтында жарияланған Банк тарифтеріне сәйкес комиссия алынады. Алдын ала төленген виртуалды карточканы қолданумен карточкалық операциялар осы тармақта белгіленген сома шегінде жүзеге асырылады.

5-3.4 Алдын ала төленген виртуалды карточка Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып теңгеде шығарылады.

5-3.5 Алдын ала төленген виртуалды карточканың қолданылу мерзімі – шығарылған күннен бастап 6 (алты) ай. Пайдаланушыға Алдын ала төленген виртуалды карточкадағы ақшаны оның қолданылу мерзімі ішінде толығымен игеру ұсынылады. Банк Пайдаланушыға алдын ала төленген виртуалды карточканың қолданылу мерзімі аяқталғаны туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабарлайды. Хабарлау ҚБҚЖ экранында еске салу және/немесе Пайдаланушы ҚБҚЖ тіркелу кезінде көрсеткен мобильді телефонының нөміріне SMS хабарлама/Push-хабарлама жолдау арқылы жүзеге асырылады.

5-3.6Алдын ала төленген виртуалды карточканы шығаруды Пайдаланушы осы Келісімнің 5-1.5 тармағына сәйкес жүзеге асырады.

5-3.7Алдын ала төленген виртуалды карточканы шығару кезінде оның деректемелері туралы ақпарат ҚБҚЖ экранында көрсетіледі. Алдын ала төленген виртуалды карточканың деректемелерінде келесі деректер көрсетіледі:

1)алдын ала төленген виртуалды карточканың нөмірі;

2)алдын ала төленген виртуалды карточканың қолданылу мерзімі;

3)CVV2/CVC2 код (Пайдаланушының әрбір сұранысы кезінде жасалады).

5-3.8Алдын ала төленген виртуалды карточкаға ақша қабылдау Келісімнің талаптарына сәйкес алдын ала төленген виртуалды карточканы шығару кезінде бір рет жүзеге асырылады, қосымша толықтырылмайды, қолма-қол ақша алу үшін қолданылмайды.

5-3.9Алдын ала төленген виртуалды карточканы жабу оның қолданылу мерзімі аяқталған соң автоматты түрде жүзеге асырылады.

5-3.10Алдын ала төленген виртуалды карточканың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ондағы ақша толығымен жұмсалған болса, Банк алдын ала төленген виртуалды карточканы жабуға құқылы.

5-3.11Қолданылу мерзімі аяқталған алдын ала төленген виртуалды карточкада оң болса, Пайдаланушы алдын ала төленген виртуалды карточка бойынша пайдаланылмаған ақша қалдығын қайтару бойынша мәселені қарау үшін Банкке жүгінуі қажет.

5-3.12Алдын ала төленген виртуалды карточка бойынша келесі шектеулер қолданылады:

1)қолданылу мерзімі ішінде қандай да болмасын ақша толықтыруға болмайды, оны сатып алу кезіндегі толықтыруды қоспағанда;

2)карточкалық операциялар алдын ала төленген виртуалды карточканы сатып алу сомасы шегінде жүзеге асырылады, бірақ 200000 (екі жүз мың) теңгеден немесе оның шығарылған күнгі шетел валютасындағы баламасынан аспайтын сомада;

3)қолма-қол ақша алу қарастырылмаған;

4)қайта шығару қарастырылмаған;

5)алдын ала төленген виртуалды карточкаға қосымша карточка шығарылмайды;

6)қосымша карточка ретінде алдын ала төленген виртуалды карточка шығарылмайды;

7)коммерманттардың белгілі санаттағы операциялары бойынша осы Келісімнің 1-қосымшасына сәйкес.

5-3.13Егер карточкалық операция бір валютада, ал алдын ала төленген виртуалды карточка басқа валютада жүзеге асырылса, ақша алу карточкалық операция валютасын алдын ала төленген виртуалды карточка валютасына айырбасталғаннан кейін жүзеге асырылады. Көрсетілген карточкалық операция валютасын айырбастау төлем жүйесінің қатысушылары арасында бекітілген шарттарға сәйкес жүргізіледі. Карточкалық операция алдын ала төленген виртуалды карточка валютасынан басқа валютада жүзеге асырылса, Банк операция жасау күніне белгіленген шетел валютасын айырбастау бағамын қолданумен көрсетуді жүзеге асырады.

5-3.14Егер карточкалық операция Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргізілсе, онда карточкалық операция ХТЖ қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. ХТЖ арқылы жасалған карточкалық операцияның АҚШ доллары/Еуродан ерекшеленетін валютадағы сомасы осы карточкалық операция бойынша Банкпен есеп айырысу күніне ХТЖ белгілеген бағам бойынша немесе ХТЖ белгілеген өзге тәртіпте АҚШ долларына/Еуроға айырбасталады.

5-3.15Банк жүргізілген карточкалық операция бойынша растау құжаттарына алғанға дейін Пайдаланушының алдын ала төленген виртуалды карточкадағы карточкалық операция бойынша авторизация сомасын ХТЖ сәйкес белгіленген мерзімге, оны алдын ала төленген виртуалды карточкадан алғанға дейін немесе Банк авторизация сомасындағы төлем жүзеге асырылмағандығын растауды алғанға дейін бұғаттауға құқылы. Бұл ретте карточка бойынша бұғатталған сомаларды Банк алдын ала төленген виртуалды карточканың бұғатталғандығы туралы өтінішті алған соң ала алады.

5-3.16Жүргізілген карточкалық операция бойынша қарсылық болса, Пайдаланушы жазбаша өтнішімен және қолдағы құжаттарымен санкцияланбаған төлем немесе өзге наразылық бойынша шешім қабылдаған жағдайда ХТЖ алдында Пайдаланушының атынан шығатын Банкке жүгінуге құқылы. Пайдаланушының жүргізілген карточкалық операция бойынша шағымын, сонымен қатар Банкке кез келген өзге өтініштерін Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарастырады. Пайдаланушының шағымы дәйекті болған жағдайда, Банк жүргізілген тексеру негізінде ХТЖ қарастырылған мерзімде тиісті карточкалық операцияны жоя алады, егер мұндай жою мүмкін болса.

5-3.17Пайдаланушының санкцияланбаған төлем немесе өзге шағымы бойынша өтініші дәйекті болған жағдайда, Банк шағымды қарастыру аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде карточкалық операция сомасын шоғырландырылған шотта қалпына келтіреді және Пайдаланушыға құжатпен расталған өзге шығындарды өтейді.

5-3.18Карточка бойынша диспутты жағдай туындаған жағдайда, Банк Пайдаланушының өтінішін Қазақстан Республикасы шегінде жүргізілген операциялар бойынша Пайдаланушының өтінішін алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ карточканы Қазақстан Республикасынан тыс жерде қолданған жағдайда өтінішті алған күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарастырады.

5-3.19Даулы карточкалық операциялар бойынша шағымдарды Банк карточкалық операция жүргізілген күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей қабылдайды, пайдаланушы бар болған жағдайда растау құжаттарын қоса береді. Бұлай болмаған жағдайда, жасалған карточкалық операция – расталған болып есептеледі, Банк шағымдарды қабылдамауы мүмкін.

5-3.20Банк Пайдаланушының алдын ала төленген виртуалды карточкасын бұғаттауға және/немесе ҚБҚЖ өтуге шек қоюға құқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ мына жағдайларда:

-алдын ала төленген виртуалды карточка бойынша санкцияланбаған төлемдерге, алдын ала төленген виртуалды карточка ұстаушысы үшін шығынға әкелетін жағдаяттар болғанда;

-алдын ала төленген виртуалды карточка ұстаушысы өтемеген техникалық овердрафттарды және Банк алдындағы кез келген міндеттемесі бойынша кез келген берешегінің, яғни мұндай берешек пайда болған кезден бастап берешек сомасы толығымен өтелгенге дейін берешегінің болуы, алдын ала төленген виртуалды карточка ұстаушысы орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған Банк алдындағы кез келген өзге міндеттемесінің болуы.

5-3.21 Пайдаланушы алдын ала төленген виртуалды карточканың деректемелерінің санкцияланбаған түрде қолданылу қаупін алдын алу үшін дереу түрде ҚБҚЖ-да алдын ала төленген виртуалды карточканы өзі бұғаттауы тиіс немесе Банкке мұндай фактілердің табылғандығы туралы ауызша немесе Банктің кез келген филиалына жазбаша өтнішімен дереу жүгіну арқылы хабарлауы тиіс. Сәйкестендіру деректері дұрыс хабарланған жағдайда, бұғаттау туралы хабарлама пайдаланушыдан шыққан болып есептеледі және Банк алдын ала төленген виртуалды карточканы бұғаттау салдарлары үшін шағымдарды қабылдамайды. Пайдаланушы Келісімнің осы тармағында көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін Банк карточканы бұғаттайды және алдын ала төленген виртуалды карточканы қолдануды тоқтатады, сондай-ақ Пайдаланушының жазбаша өтінішінен кейін Банк белгілеген тәртіпте, сонымен қатар, бірақ мұнымен шектелмей, ХТЖ сәйкес жүргізілген операцияларға қатысты талап ету жұмыстары жүргізу арқылы төлемнің санкцияланғандығын/санкцияланбағандығын анықтау бойынша шараларды жүргізеді.

5-3.22Пайдаланушы бұдан бұрын санкцияланбаған деп жариялаған алдын ала төленген виртуалды карточканы бұғаттан босатуды Пайдаланушының Банкке жазған тиісті жазбаша өтініші негізінде Банк немесе ҚБҚЖ Пайдаланушы өзі жүзеге асырады.

5-4.Виртуалды карточканы шығару тәртібі

5-4.1Виртуалды карточка анкте банктік шоты бар Қолданушыға Банк төлем карточкасын ұстаушыға оның деректемелері туралы ақпаратты беруі арқылы физикалық тасымалдаушысыз ҚБҚЖ арқылы электронды түрде шығарылады. Виртуалды карточканың деректемелері ҚБҚЖ-де экранда көрсетіледі. Виртуалды карточка белсенді түрде шығарылады сәйкесінше активациялауды қажет етпейді.

5-4.2Виртуалды карточканың деректемелерінде келесі мәліметтер көрсетіледі:

1)виртуалды карточканың нөмірі;

2)виртуалды карточканың қолданылу мерзімі;

3)CVV2/CVC2 код (клиенттіңәрбірсұранысыкезіндедайындалады).

5-4.3Виртуалды карточканың қолданылу мерзімішығарылған сәттен бастап 5 (бес) жыл.

5-4.4Виртуалды карточка жеке банктік шот аша отырып, негізгі карточка ретінде немесе Қолданушының – негізгі карточка ұстаушының қолданыстағы төлем карточкасына қосымша карточка ретінде шығарылады.

5-4.5Виртуалды карточкаға қосымша карточка шығарылмайды.

5-4.6Виртуалды карточка оны көрсетуді талап етпейтін Интернет желісінде тауарлар/жұмыстар/қызметтер үшін төлем жасау мақсатында шығарылады.

5-4.7Виртуалды карточка келесі тәсілдермен толықтырылады:

1)Карточкадан карточкаға ақша аудару жолымен;

2)Банктің Cash-in құрылғыс арқылы.

5-4.8Операция орындау үшін Қолданушы:

1)виртуалды карточкаға ақша аудару;

2)таңдалған сайтта сауда жасау кезінде виртуалды карточканың нөмірін, CVV2/CVC2 кодты және виртуалды карточканыңқолданылу мерзімін;

3)виртуалды карточкадан есептен шығарылатын және сауда төленген болып есептелетін сауда сомасын көрсетуі қажет.

5-4.9 Банк виртуалды карточканы шығарады және қызмет көрсетеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында, Банк пен төлем жүйесі қатысушылары арасында бекітілген шарттарда, Келісімде, Төлем карточкаларын беру және қызмет көрсету туралы шартта (жеке тұлғамен) қарастырылған тәртіпте бантік шот ашады.

6.Құпиялылық

6.1.Банк Қолданушының банктік құпиясын құрайтын ақпаратқа үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруін болдырмау үшін шаралар қолдануға міндеттенеді. Бұндай сипаттағы кез келген ақпарат тек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғана үшінші тұлғаларға беріледі.

6.2.Тараптар олармен осы Келісім бойынша алынған барлық ақпарат құпия болып табылатындығымен және оны алдын ала екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз қандай да бір жолмен үшінші тұлғаларға жариялауға болмайтындығымен келіседі.

Осы тармақта белгіленген тыйым бұндай ақпаратты беру немесе жария ету оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен өкілетті тұлғалардың және органдардың талаптарында ескерілген жағдайларға жүрмейді.

7.Форс-мажоржағдайлары

7.1Егерміндеттеменіорындамаунемесетиістітүрдеорындамауеңсерілмейтінкүшсалдарынан (форс-мажор) болғанболса, ТараптарКелісімбойыншаміндеттемелерінорындамағанынемесетиістітүрдеорындамағаныүшінжауапкершіліктенбосатылады.

7.2ЕңсерілмейтінкүшжағдайларыретіндеТараптарКелісімгеқолқойғаннанкейінкелесідейтөтеншесипаттағыкүтпегенжәнебұлтартпасоқиғаларсалдарынантуындағаноқиғалардытүсінеді: аудандардажүріпжатқан, ресмитүрдесолайдепрасталған, соғысжәнесоғысқимылдары, табиғатнемесебасқаапаттар, ҚазақстанРеспубликасыныңзаңшығарушыжәне/немесеатқарушыоргандарының, ҚазақстанРеспубликасыҰлттықБанкініңосыКелісіммәнінетікелейқатыстықызметтергетыйымсалатыннемесешектейтінәрекеттері, АБҚЖ жұмысының істен шығуы, АБҚЖ жұмысын қамтамасыз ететін байланыс желісінің ақауы.

7.3Келісімнің 7.2. т. көрсетілгеноқиғаларсалдарынанКелісімбойыншаміндеттемесінорындаумүмкінболмағанТараптезарадаекіншіТарапқахабарлауытиіс (Қолданушының телефонына SMS хабарлама/Push-хабарлама жолдау немесе банктің www.forte.kzресми сайтында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы).

7.4Келісімнің 7.1. т. - 7.3. т. қарастырылған жағдайларда Келісімбойыншаміндеттемелердіорындаумерзімібұндайоқиғаларжәнеолардыңсалдарыәрекетететінмерзімгежылжытылады.

8.Тараптардыңжауапкершілігі

8.1ТараптаросыКелісімбойыншаміндеттемелерінорындамағаннемесетиістітүрдеорындамағанжағдайда, БанктіңішкіережелерінежәнеКелісімніңталаптарынасәйкес, алосыКелісімдеқарастырылмағанжағдайларда - ҚазақстанРеспубликасызаңнамасындаанықталғандарғасәйкесжауапкершіліккөтереді.

8.2ТараптаросыКелісімбойыншаміндеттемелердібұзғаныүшінТараптыңкінәсіболғандажәнетек нақтызалалмөлшеріндеғана екеуара жауапкершіліккөтереді.

8.3Банктөлем және (немесе) ақшааударымыбойыншанұсқаудынегізсізорындамағанжағдайда, Банкоперациясомасынан 0,01% мөлшердеайыппұлтөлейді.

8.4ҮшіншітұлғалардыңАБҚЖ-ғарұқсатсызкіруікесірінентуындағанзалалүшінжауапкершіліккінәліТарапқажүктеледі.

8.5.ҮшіншітұлғалардыңҚолданушынырастауқұралдарынрұқсатсызқолданусалдарынантуындағанзардапүшінБанкжауапкершіліккөтермейді, егербұндайқолдануБанктіңкінәсінсізмүмкінболғанболса.

8.6.Банкқұрылғыларда jailbreak/ root құқықтарыменқосымшалардықолданусалдарынантуындағанзардапүшінжауапкершіліккөтермейді.

8.7.ҚолданушыныңэлектрондыбанкқызметтеріналуменбайланыстыақпаратҚолданушықызметалукезіндеБанктентысжердегібайланысканалдарыарқылыберукезіндеолардыңақпаратқарұқсатыболғансәттеүшіншітұлғаларғабелгіліболсаБанкжауапкершіліккөтермейді.

8.8.Банк осы Келісімнің 2.1. т. 1) т-шасын тиісті түрде орындаған жағдайда, Банк Қолданушының банктік шотынан жасалған рұқсатсыз төлемдер үшін жауапкерлшілік көтермейді.

8.9.ҚолданушыКелісімдібекітеотырыпшетелмемлекеттерініңзаңнамаларындабелгіленгеншектеулерментыйымсалуларға, кезкелгенелдіңюрисдикциясынасәйкессанкцияларға, халықаралықұйымдардыңшектеулерінебайланыстытуындауымүмкінтәуекелдердіжәнебарлықсалдарынөзмойнынаалады, олардыңәрекететуіҚолданушығажәнеоныңоперацияларынақатысты (соныңішінде, бірақбұларменшектелмей, операциятүріне, тіркелгенелгежәне (немесе) Қоланушыныңорналасқанжерінебайланысты).Бұл тәуекелдер мен олардың салдары үшін Банк жауапкершілік көтермейді.

9.ҚБҚЖ-де жұмысты тоқтату

9.1.Қолданушы ҚБҚЖ-де жұмысты тоқтата алады,ол үшінқолданушы БКЖ-де сақтаулы оның дербес деректері бойынша қолданушыны сәйкестедіру рәсімін өту үшін БОБ-қа хабарласуы қажет. ҚБҚЖ-де жұмысты қайта іске қосу үшін қолданушы Банк бөлімшесіне хабарласуы қажет. ҚБҚЖ-де жұмысты қайта іске қосқан кезде қайтадан тіркелу қажет емес.

9.2.Қолданушы 360 күн белсенсіз болса, қолданушы автоматты түрде қайта белсендірілуге бағытталады, бұл логин нөміріне SMS хабарлама жіберу арқылы жүргізіледі. ҚБҚЖ-де жұмысты қайта іске қосу үшін қолданушы тіркелу процесінен қайта өтуі қажет.

9.3.Келесі жағдайларда Банк қолданушыға электронды банк қызметтерін ұсынуды тоқтатады немесе жояды:

1)қолданушы Келісімде қарастырылған электронды банк қызметтерін алу тәртібі мен талаптарын бұзуы;

2)электронды банк қызметтерін көрсетуді қамтамсыз ететін техникалық құралдардың ақауы;

3)Банктің қауіпсіздік рәсімдерімен қарастырылған жағдайларда;

4)Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа негіздер бойынша.

10.Дауларды шешу тәртібі

10.1.Даулы жағдайлары туындағанда, соның ішінде рұқсат етілмеген төлем қызметтері бойынша, Қолданушы Банктің Байланыс орталығына 8 8000 800 819 (Қазақстан бойынша қала телефондарынан қоңырау шалу тегін) немесе 7575 (Қазақстан бойынша мобильді телефондардан қоңырау шалу тегін) телефон нөмірлері арқылы мекенжайын, телефон нөмірін көрсетіп, келіспеушілік жағдайының және басқа да ақпараттың мазмұнын айтып хабарласуына (ауызша өтініш) немесе жазбаша түрде кінәрат-талабын/хабарламасын/өтінішін Келісімде көрсетілген мекенжайға жолдауға құқылы. Банк Қолданушының өтінішін бұндай өтініш тіркелген күннен бастап 15 күн ішінде қарастырады.

10.2.Тараптар осы келісімді іске асыру барысында Банк пен Қолданушы арасында туындауы мүмкін келіспеушіліктер мен дауларды өз еркімен және өзара келісім арқылы шешу үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

10.3.Банк пен Қолданушы арасындағы келіспеушіліктер мен даулар өзара келіссөздер барысында реттелмеген жағдайда, олар Қазақстан Ренспубликасының соттық органдарына берілуі мүмкін.

10.4.Тараптар осы Келісімде қарастырылмаған басқадай барлық жағдайларда Қазақстан Республикасы заңнамасын жетекшілікке алады.

11.Басқа талаптар

11.1.ҚБҚЖ арқылы шетел валютасында электронды банк қызметі көрсетілген кезде операцияны орындау кезінде Банк белгілеген айырбастау бағамы қолданылады, ал басқа екінші деңгейдегі банктердің төлем карточкаларын қолданумен орындалатын операция үшін – халықаралық төлем жүйелерінің (бұдан әрі – ХТЖ) және эмитент банктердің айырбастау бағамдары қолданылады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқасы қарастырылмаса.

11.2.ХТЖ-мен қарым-қатынасты білдіретін әрекеттер мен операциялар ХТЖ талаптары мен ережелеріне сәйкес келеді.

11.3.Банк Жалпы талаптарға өзгерістер енгізуге құқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасында бір жақты тәртіпте өзгертуге тыйым салынған талаптардан басқа, немесе Банктің веб-сайтында тиісті ақпараттық хабарламаны орналастыру немесе Жалпы талаптарды өзгертудің/тоқтатудың болжалды күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын ҚБҚЖ-дегі қалқымалы терезе немсе SMS-хабарлама/Push-хабарлама арқылы Қолданушыға тиісті хабарлама жолдау арқылы бір жақты соттан тыс тәртіпте Жалпы талаптардан бас тартуға құқылы, сонымен қатар өзгерістер енгізілген Жалпы талаптарды https://mysupport.fortebank.com. адресі бойынша қолдау парақшасына орналастырады.

11.4.Қолданушы Келісімді бекіте отырып Банктің Қолданушы ҚБҚЖ арқылы және белгіленген талаптарды сақтай отырып жіберген құжаттарды/нұсқауларды алуы заңды түрде құжаттарды қағаз түрінде алғанмен тең және олар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәміленің жазбаша нысаны сақталғандығын растайды және келіседі.

11.5.Қолданушы Банкке онымен осы Келісімде белгіленген тәртіпте және шарттарда дайындалған және жіберілген құжаттарды/нұсқауларды қағаз түріндегі құжаттармен/нұсқаулармен тең дәрежеде қолдану құқығын береді. Бұл ретте Қолданушы Банкке орындау үшін жіберілген бұндай құжаттардың/нұсқаулардың мазмұны үшін толық жауапкершілік көтереді.

11.6.Қолданушы Шартқа қол қоя отырып Банктің құқығын мойындайды және келесілерге келісімін береді:

1) Банктің банк қызметін көрсету шегінде Қолданушы ұсынған/Банк жинақтаған Қолданушының кез келген дербес және басқа мәліметтерін (бұдан әрі – Мәліметтер) жинау, өңдеу, растау және тексеру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған кез келген әрекетті/шараны орындауына/қолдануына, қолда бар Мәліметтерде қандай да бір қайшылықтар/өзгерістер анықталған жағдайда нақтыланған және/немесе дұрыс/актуалды Мәліметтерді алуға (жинауға, өңдеуге, растауға және тексеруге.

2) FATCA талаптарына сәйкес Қолданушының мәліметтерін/ дербес мәліметтерін жинауға, өңдеуге және АҚШ Салық қызметіне (Internal Revenue Service) беруге, соның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы арқылы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте Банктің коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын басқа құпияны құрайтын ақпаратты ашуына:

а) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда;

б) Банк қызметкерлеріне;

в) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және негізінде Банк қызметіне тексеру жүргізетін, тұлғаларға;

г) Банктен алынған/алынатын ақпараттарды үшінші тұлғаларға жарияламау туралы міндеттемені контрагенттің(-тердің) қабылдауы мәні болып табылатын, келісімді(-дерді) Банктің осындай тұлғамен (-лармен) бекітуі талабында, контрагентке (-терге).

4) ҚБҚЖ басқа Пайдаланушыларына банктік құпияны құрайтын ол туралы мәліметтерді ашу, ақшаны ҚБҚЖ арқылы телефон нөмірі бойынша оның пайдасына аударған жағдайда.

11.7.Қолданушы Келісімді бекіте отырып Қолданушының Банк қызметкерімен телефон арқылы тілдесуінің Банк жазу құрылғысы арқылы жазып алған жазбасы Қолданушыдан келіп түскен ауызша хабарлама мазмұнының жеткілікті дәлелі болып табылатындығымен шартсыз келіседі.

Электронды банк қызметтерін көрсету туралы

келісімнің жалпы талаптарына

1-қосымша

Алдын ала төленген виртуалды карточка арқылы белгілі коммерсанттар санатында операция жүргізуге тыйым салынады

MCC - коды МССсегментінің атауы
3000-3299, 4511 Airlines (авиакомпаниялар)
3351-3441, 7512, 7519 Vehicle rental merchants (автокөлікті жалға алу)
3501-3836, 7011 Lodging Merchants (тұрғын үй, қонақүйлерді қоса алғанда)
4411, 4131 Cruise Lines (круизді желілер)
4722 Travel agencies (турагентттіктер)
4112 located in US Passenger railways (АҚШ аумағындағы жолаушыларды тасымалдайтын темір жол)