Көмек және қолдау

Интернет және Мобильді банкинг жүйесі – бұл банктік қызметтерге тәуліктік қолжетімділік.

Жүйені қолдану үшін кез келген заманауи интернет браузері бар дербес компьютерге ие болу немесе «ForteBank» қосымшасын ұялы телефоныңызға орнату жеткілікті.

Сіз өз қаражатыңызбен толыққанды жұмыс жасай аласыз: шоттарыңыздағы ақша қалдықтарын қарау, шоттан үзінді көшірме алу, кредиттеріңізді өтеу, депозиттеріңізді толықтыру, қызметтерді төлеу, бюджетке төлемдер жүргізу, Банк ішінде және одан тыс жерлерге ақша аудару және басқа да көптеген қызметтерді орындай аласыз.

 

Шоттарды қарау

Жүйеде алғашқы активациялау және кейінгі активациялау рәсімін өткеннен кейін сіз барлық белсенді шоттарыңыз көрсетілген бас мәзірге кіресіз. Олар бойынша толық ақпаратты: ағымдағы теңгерімді, соңғы операциялар тізімін, шот бойынша өткізіліп алған және болатын операциялар тізімін қарауға болады. Барлық шоттар бойынша ортақ теңгерім бар валюталардың әрқайсысы бойынша әр түспен ерекшеленген графикалық диаграммаларда көрсетіледі.

Сонымен қатар бұл бөлімде әрбір шот пен төлем карточка бойынша детальдарды қарауға, шоттың атын өзгертуге, шоттар бойынша жүргізілген операциялар бойынша ықтиярлы кезең үшін үзінді көшірме алуға болады.

 

Төлемдер

Төлем жүргізу үшін бас мәзірде немесе белгілі бір шоттың детальдарын қарау терезесінде  батырмасын басып, «Төлем жүргізу» тармағын таңдаңыз. Терезе ашылады, ол терезеде сіз бұдан бұрын сақталған төлем үлгілерін қарап, олардың ішінен біреуін таңдай аласыз немесе тізімнен қызмет жеткізушісін таңдап, жаңа үлгіні қоса аласыз. Қажетті қызметтер жеткізушісін қосып немесе таңдап, сіз көрсетілген жеткізушісінің қызметтерін төлей аласыз.

Төлем жүргізгеннен кейін сіз жасалған операцияны растайтын электронды чек аласыз, бұдан кейін сіз оны өз құрылғыңызда сақтай аласыз.

 

Аударымдар

Сіз тек өз шоттарыңыздың арасында ғана емес, сонымен қатар банк ішінде және одан тыс басқа жеке немесе заңды тұлғалардың шоттарына ақша аударымдарын жүргізе аласыз.

Ол үшін бас мәзірдегі немесе белгілі шоттың детальдарын қарау терезесіндегі батырмасын басып, «Ақша аудару» тармағын таңдаңыз. Өз шоттарыңызға аудару үшін ақша есептен шығарылатын шотты және ақша есепке түсірілетін шотты таңдап, аударым сомасын көрсету және аударымды растау қажет.

Егер сіз үшінші тұлғаның пайдасына ақша аударатын болсаңыз, онда сіз ақша алушының төлем карточкасының деректемелерін немесе шот нөмірін және ЖСН білуіңіз қажет. Егер ақша алушы заңды тұлға болса, оның БСН, шот нөмірін, сондай-ақ соның негізінде аударым жүргізілетін құжат (шот, шарт) нөмірін және күнін білуіңіз қажет.

Аударымды жүргізгеннен кейін сіз операцияның орындалғандығын растайтын электронды чек аласыз, оны өз құрылғыңызда сақтай аласыз.

 

Қауіпсіздік

Жүйеге кіру рұқсаты сіздің логиніңіз бен құпия сөзіңіздің дұрыстығын тексеру арқылы авторизациялау рәсімі өткізілгеннен кейін беріледі.

Берілетін ақпараттың құпиялылығы мәліметтерді шифрлеумен қамтамасыз етіледі (SSL – англ. Secure Sockets Layer — қорғалған сокеттер хаттамасы).

Сіздің барлық әрекеттеріңіз жүйенің электронды журналына жазылады.

Жүйеге кірерде құпия сөзді үш рет дұрыс енгізбегеннен кейін Банк сіздің есеп жазбаңызды бұғаттайды.

Егер компьютер немесе ұялы телефон қолданушы интернетке немесе мобильді банкингке кіргеннен кейін 5 минуттан артық әрекетсіз тұрса, автоматты түрде жүйеден шығып кетеді және ағымдағы сессия аяқталады.

 

Клиенттің жауапкершілігі

·         Жүйеде тіркеле отырып, сіз Жүйені қолданудың барлық аспектілерін толық сипаттайтын электронды банк қызметін ұсыну туралы келісімге қол қоясыз.

·         Сіз Жүйеге кіретін логиніңіз бен құпия сөзіңіздің және Жүйеде құпия сөзді қалпына келтіру үшін қолданылатын құпия сұраққа жауаптың жарияланбауы үшін жауаптысыз.

·         Жүйеде ағымдағы сессия ашық тұрған компьютеріңізді, ұялы телефоныңызды және/немесе басқа құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.

·         Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда, Жүйеге рұқсатсыз кірудің алдын алу мақсатында тез арада телефоныңыздың ұялы байланыс операторында номеріңізді бұғаттаңыз.